«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы және Әлемдік Экономикалық Форумның Төртінші Өндірістік Революция Орталығымен серіктестік келісімшартына қол қойды
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО. АстанаХалықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына
инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестицияларды өсіру үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
www.aifc.kz
Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалануды жеделдететін саясат негіздерін әзірлеу және ынтымақтастықты дамыту мақсатында көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен жаһандық ынтымақтастықтың орталығы болып табылады. Жаңа технологиялардың артықшылығы да, тәуекелдері де сөзсіз. Пайда барынша көбейетін ал тәуекелдер төмендетілетін дәреже басқару хаттамаларының сапасына, яғни саясат, ережелер, стандарттар және технологияларды әзірлеуді қалыптастыру және енгізу үшін ынталандыруға тәуелді. Басқару инвесторлардың, компаниялардың, ғалымдардың және қалың жұртшылықтың сенімін нығайту үшін тұрақты, интероперабельді, болжамды және жеткілікті ашық, сондай-ақ технологиялардың жылдам дамуы жағдайында өзекті болып қалу үшін жеткілікті икемді болуы тиіс.