АХҚО-дағы консультация бойынша активтердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда бес еседен астам өсті

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында АХҚО-да қор басқарушыларының саны 30-ға дейін өсті (2022 жылдың бірінші жартысында 25 болған), бұл ретте АХҚО ірі компаниялар үшін артықшылыққа ие юрисдикция болып қала береді. Қорларды басқару жөніндегі компаниялардың қарқынды өсуі елдің инвестициялық тартымдылығының және АХҚО-ның өңірлік үздік инвестициялық орталыққа айналуының бір көрсеткіші саналады.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында консультация бойынша активтердің өсуі 437 пайызды құрады, ал басқарудағы активтер көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43%-ға өсті. Сонымен қатар, инвестициялық қорлардың активтері 199%-ға көтерілді, ал брокерлік клиенттердің инвестициялары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 721%-ға жетті.

Осы жылдың маусым айында «Астана» халықаралық қаржы орталығы активтерін басқару жүйесіне жетілдірулер енгізілді, оны осы өсіп келе жатқан секторды қолдаудағы маңызды қадам ретінде қарастыруға болады. Жетілдірулер АХҚО-ны дамушы жаһандық тенденцияларға сәйкес келтіруге, инвесторлардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және халықаралық қаржы кеңістігінде бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Мысалы, АХҚО қорларды құру механизмдерінің жаңа түрлері ретінде «шектеулі серіктестік» және «бөлек портфельдері бар компания» деген бастамаларды ұсынды. Сонымен қатар, АХҚО мамандандырылған қорлардың тізімін кеңейтті, бұл дегеніміз қор менеджерлері енді қорларды «шатырлы қор», «қорлар қоры» немесе «мастер-фидер» (Master-Feeder) ретінде құрылымдай алады дегенді білдіреді.

Өз сөзінде AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов: «Ақылға қонымды әрі тиімді инвестициялау адамдар мен экономика үшін байлық құрудың негізі болып есептеледі. Инвестициялардың адамдар мен елдің игілігі үшін жұмыс істеуіне жол ашатын тиімді реттеу болған кезде, инвестициялау әлдеқайда оңай жүзеге асады. AFSA дәл осындай жағдай жасауға ұмтылады. Біздің осындағы басты рөліміз – инвестициялардың кедергісіз ағындары үшін қажетті инфрақұрылымды құру», – деп атап өтті.

AFSA – АХҚО құқығының қағидаттарына, Англия мен Уэльс құқығының нормалары мен прецеденттеріне, сондай-ақ әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген инвестицияларды тарту, іске асыру және қорғау үшін бизнеске кешенді құқықтық режимді ұсынатын аймақтағы бірегей юрисдикция.

 

  

Анықтамалық ақпарат:

Консультациялар бойынша активтер дегеніміз клиенттің портфолиосының нарықтық құнын білдіреді, сол бойынша олар инвестициялық кеңесшіден кеңес алады.

Басқару активтері дегеніміз инвесторлардың атынан жеке немесе заңды тұлға басқаратын инвестициялардың жалпы нарықтық құны.

 

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2100-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс ақпараты:

Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

AIFC AI assistant