AFSA арнайы қорлардың жаңа санаты ретінде ESG қорды ұсынды
Орнықты және жауапты инвестициялық практиканы ынталандыру бағытындағы маңызды қадам ретінде AFSA АХҚО Ұжымдық инвестициялау схемасының қағидаларына түзетулер енгізді және арнайы қорлардың жаңа санаты ретінде ESG-қорды ұсынды.
Бұл бастама AFSA-ның үздік әлемдегі практикаларға сәйкес келуге, мүдделі тараптардың үміттерін қанағаттандыруға және жауапты инвестициялардың өзгеріс үстіндегі ландшафтын ескеруге деген ұмтылысын көрсетеді. ESG-қор мәртебесін алу үлкен маңызға ие, өйткені ол инвесторларға орнықты даму мен жауапты практикаға баса назар аударатын, сондай-ақ әлеуетті қаржылық пайда мен тәуекелдерді азайтуды ұсынатын компанияларды қолдауға мүмкіндік береді.
AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов: «ESG саласындағы қорлар үшін неғұрлым кеңейтілген мүмкіндіктер декарбонизацияланған әлемге, атап айтқанда, Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізудегі мақсаттарына қосымша жолды білдіреді. Реттеу актілері бұл үшін қажетті негізді құрудың маңызды алғышарты болып табылады», – деп атап өтті.
АХҚО Ұжымдық инвестициялау схемасының қағидаларына түзетулер және АХҚО Глоссарийіне тиісті түзетулер АХҚО сайтында жарияланды және 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Анықтамалық ақпарат:
Экологияға, әлеуметтік салаға және басқаруға инвестициялау (ESG) компанияның әрекет ету стандарттарының жиынтығына кіреді, оны әлеуметтік саналы инвесторлар әлеуетті инвестицияларды таңдау үшін пайдаланады.
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидаларында қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелері қарастырылған.
АХҚО-да 78 елден 2300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен өте ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс деректері:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45