АХҚО деректердің құпиялылығы жөніндегі халықаралық ұйымға қосылды
12 қарашада «Астана» халықаралық қаржы орталығы Құпиялылық мәселелері жөніндегі дүниежүзілік ассамблеяның (Global Privacy Assembly, GPA) мүшесі атанды. Бұл үкіметтік емес ұйым жеке деректерді қорғауды нығайту және олардың жұмысына озық тәжірибелерді енгізу үшін реттеушілердің күш-жігерін біріктіруді көздейді. Қазақстан Орталық Азия өңірінен ассамблея мүшесі атанған алғашқы юрисдикция болды.
GPA-ның басты мақсаттарының бірі – билік органдарының құқық қолдану мүмкіндіктерін нығайту. Осының арқасында АХҚО оның мүшесі бола отырып, деректерді қорғау жөніндегі өзінің құқықтық базасын жетілдіру үшін басқа юрисдикциялардың озық тәжірибесін пайдалана алады.
Қаржы орталығы үшін ассамблеяға қатысудың артықшылықтары, атап айтқанда, деректердің құпиялылығы мәселелері бойынша құқық қолдану мәселелерінде көмек алуды, сондай-ақ басқа юрисдикциялармен ынтымақтастық және ақпарат алмасу үшін платформа жұмысына қатысуды қамтиды.
АХҚО әкімшілігінің өнімдер жөніндегі бас директоры Данияр Келбетов: «GPA-ға қосылу біздің қаржы орталығымыздың юрисдикция ретіндегі сенімділігі мен тартымдылығын арттырады, өйткені бізге шетелдік тәжірибені зерделеуге және өз жұмысымызға озық әзірлемелерді енгізуге мүмкіндік береді. Бұл біздің жаһандық құпиялылық стандарттарын сақтауға және құпиялылық құқықтарын ілгерілетуге деген бейілдігімізді көрсетеді».
Құпиялылық жөніндегі дүниежүзілік ассамблея – 1979 жылы құрылған халықаралық үкіметтік емес ұйым. Оның хатшылығы Мексиканың астанасы Мехико қаласында орналасқан. GPA деректер мен құпиялылықты жаһандық қорғаудың жоғары деңгейіне өту үшін реттеушілердің құқық қолдану мүмкіндіктерін нығайтуды мақсат етеді.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
АХҚО баспасөз қызметі
Айнұр Исабаева
Баспасөз хатшысы
Тел: +7 701 777 6558
E-mail: [email protected]