АХҚО аналитикасы және жарияланымдары

«Астана» халықаралық қаржы орталығы инвесторлар, саясаткерлер және мүдделі тараптар үшін құнды мәліметтер мен егжей-тегжейлі талдауды ұсынуды көздейді. «АХҚО аналитикасы және жарияланымдары» бөлімі Қазақстан мен басқа елдер үшін өзекті саланың экономикалық ландшафты мен даму үрдістеріне қатысты негізгі деректер мен терең аналитиканы ұсынатын кешенді ресурс ретінде құрылған.
Егер сіз өңірге көшу немесе өңірдегі қатысымыңызды бекіту мүмкіндігін қарастырсаңыз, АХҚО экожүйесінің артықшылықтарын түсінгіңіз келсе немесе жай ғана экономикалық жағдайды зерттегіңіз келсе, бұл бөлім сізге пайдалы болады. «АХҚО аналитикасы» АХҚО-да тіркелген және лицензияланған компаниялардың толық шолуын ұсынады. Дайындалған есептерде корпоративтік экожүйе, негізгі үрдістер туралы маңызды мәліметтер қамтылған және осы компаниялардың экономикалық өсуді қалай ынталандыраты егжей-тегжейлі талданған.

Сондай-ақ, біз АХҚО қаржы секторларын қоса алғанда, талдау салаларын кеңейтеміз. Мұндай қосарлы фокус мүдделі тараптарға АХҚО аясындағы экономикалық қызмет пен мүмкіндіктердің барлық спектрін түсінуге мүмкіндік бере отырып, жекелеген компанияларды да, олар бір бөлігі саналатын қарқынды дамып келе жатқан қаржы салаларын да тұтас түсінуді қамтамасыз етеді. «АХҚО жарияланымдары» бөлімі Қазақстандағы және оның өңірлеріндегі экономикалық жағдайға жалпы көзқарасты ұсына отырып, макроэкономикалық перспективаға баса назар аударады. Бұл бөлімде жаңартылатын энергия көздерінен бастап, электромобильдерге дейін және басқа да салалық аналитикалық материалдардың кең ауқымы бар. Әрбір жарияланым мүдделі тараптарға, саясаткерлер мен инвесторларға әртүрлі секторларды терең түсінуді қамтамасыз етуге, қазақстандық нарықтың өсу проблемалары мен мүмкіндіктері және оның жаһандық үрдістермен интеграциялануының әлеуетін анықтауға арналған.

Толығырақ білу

Толығырақ білу
АХҚО-да тіркелген және лицензияланған компаниялар туралы ақпаратпен, сондай-ақ орталықтың қаржылық экожүйесінің егжей-тегжейлі талдауымен танысыңыз.
Жарияланымдар
Қазақстан мен өңірдегі макроэкономикалық ахуалды, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінен бастап, электромобильдерге дейін және басқа да әртүрлі даму салаларын зерделеңіз.