AFSA АХҚО-ның жарна ережелеріне өзгертулер туралы консультациялық құжатын жариялады. Пікірлерді жіберудің соңғы мерзімі – 2022 жылдың 29 сәуірі.
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО жарна ережелеріне ұсынылған өзгертулер бойынша ұсыныстарды жинау мақсатында № AFSA-P-CE-2022-0001 консультациялық құжатын жариялады.
АХҚО-ның жарналар туралы ережелеріне сәйкес қадағалау, лицензияны өзгерту және уәкелетті тұлғаларға қатысты алымдар АХҚО-ға мүше компанияларға операцияларды құруға шоғырлануға мүмкіндік беретін 4 жылдық жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
АХҚО-ның жарна турлы ережелеріне келесі өзгертулер кіреді:
(а) қадағалау бойынша жылдық жарналар;
(b) уәкiлеттi тұлғаларды (approved individuals) бекітуге өтiнiм беру үшiн алынатын төлем;
(c) лицензияны өзгертуге немесе уәкілетті тұлғаны ауыстыруға өтініш беру үшін алымдар;
(d) финтех лабораториясы (FinTech Lab) мүшелерінің жарналары;
(e) сандық активтер сауда платформасының операторы қызметін лицензиялау үшін қайта қаралған жарналар;
(f) Компанияларды тіркеу кеңсесінің әкімшілік қызметтері бойынша алынатын жарналарға өзгерістер;
(g) шетелдік қорларды басқарушыларын тану үшін жарналар;
(h) Exempt Fund и Non-Exempt Fund тіркеу өтінімі және Exempt Fund туралы хабарландыру үшін алымдар;
(i) Мерзімі өткен міндеттемелер бойынша жарналар.
Консультациялық құжаттың толық мазмұнын мына сілтемеден табуға болады https://afsa.orderly.kz/articles/consultation-paper-on-proposed-amendments-to-aifc-fees-rules.
Барлық ескертулер жазбаша түрде немесе келесі мекенжайларға электрондық пошта арқылы жіберілуі керек:
Саясат және стратегия бөлімі
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA)
Мәңгілік Ел 55/17, C3.2, Қазақстан
Электрондық пошта: consultation@afsa.kz
Пікірлерді жіберудің соңғы мерзімі – 2022 жылдың 29 сәуірі.
Пікірлер жіберу кезінде тақырып жолында келесіну көрсетуді сұраймыз: «Consultation paper #AFSA-P-CE-2022-0001». Қаласауыңыз бойынша, хатта өкілдік ететін ұйымды көрсетуіңізге болады. AFSA, егер басқаша талап етілмесе, сіз берген кез келген түсініктемелерді, соның ішінде өз веб-сайтында жариялау құқығын өзіне қалдырады. Аргументтермен расталған пікірлердің AFSA-да талқылау процесінде көбірек салмағы болады.