АХҚО-да Кепілді Тіркеуші Республикалық нотариаттық палата мүшелеріне арналған “АХҚО-ның құқықтық режимі” атты семинарын өткізді
7 маусым күні АХҚО-ның Кепілді тіркеуші офисі Республикалық нотариаттық палата мүшелеріне арналған “АХҚО-ның құқықтық режимі” атты семинарын өткізді.
Семинар АХҚО қызметіне байланысты келесідей негізгі сұрақтарды қамтыды:
— АХҚО құқықтық режимінің ерекшеліктері;
— АХҚО-да тіркеу және қайта тіркеу рәсімдері;
— АХҚО -да кепілді тіркеу рәсімі.
Спикерлер ретінде АХҚО-ның кепіл тіркеушісі, Өнімдер жөніндегі Бас директор және Басқарма мүшесі Данияр Келбетов, Құқықтық даму департаментінің директоры, деректерді қорғау жөніндегі Уәкіл Бейбут Досмурзинов, сондай-ақ АХҚО қатысушыларын қолдау және сату департаментінің директоры Жанна Диярова сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылар АХҚО қатысушыларын тіркеу және қайта тіркеу, АХҚО-да кепілдерді тіркеу және ауыртпалықтар туралы анықтамалар алу рәсімдері бойынша құнды білім мен практикалық ұсынымдар алды. Нотариустардың клиенттері — АХҚО қатысушыларынан жиі сұралатын ауыртпалықтардың болуы немесе болмауы туралы анықтамаларды алу процесіне ерекше назар аударылды. Бұл білім нотариустарға АХҚО құқықтық режимі шеңберінде тиімдірек жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Семинар барысында Данияр Келбетов мәмілелерді табысты құрылымдау және құқықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін нотариустармен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Мұндай ынтымақтастық біртұтас түсіністік орнату, үйлесімді процесті қолдау және барлық мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қажет.
Семинар нотариустар арасында кәсіби байланыстарды нығайтуға және тәжірибе алмасуға ықпал етті, бұл өз кезегінде Қазақстанның қаржы жүйесін дамытуға және халықаралық инвесторлар тарапынан сенімді арттыруға ықпал етеді.
АХҚО әкімшілігі барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және қолдағаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ құқықтық реттеу және қаржылық тұрақтылық саласындағы одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді.