АХҚО-да тіркелмеген әрі лицензиясы жоқ компанияға қатысты ескерту

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Branch of Asyl Tukymdy Sharuashylyk Ordabasy Sut Onymdery LLP of the AIFC» компаниясы АХҚО юрисдикциясында тіркелгенін және оның лицензиясы бар екенін жалған айтып қана қоймай, басқа заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) рұқсатынсыз пайдаланып жүргенін хабарлайды.

Компания бұнымен қоймай, «Agroculture» қызметтерін ұсынуға тіркелгенін және оған лицензиясы бар екенін өтірік мәлімдеуде.

Осы келеңсіз жағдайға байланысты AFSA төмендегідей хабарлайды:

  • «Branch of Asyl Tukymdy Sharuashylyk Ordabasy Sut Onymdery LLP of the AIFC» компаниясы АХҚО-да тіркелмеген, яғни ол АХҚО қатысушы емес және оның AFSA лицензиясы жоқ;
  • Жалған құжатта көрсетілген БСН нөмірі шынында ол компанияға тиісті емес.

AFSA осы компанияның хабарламаларына жауап бермеуге және ешқандай жағдайда олармен келісімшарт жасаспауға, олармен байланысты ақшалық төлемдерді жасамауға, қаражат жібермеуге шақырады.

AFSA тұтынушыларға қаржылық қызметтерді ұсынуға тиісті өкілеттіктері бар және тиісті дәрежеде реттелетін АХҚО компанияларымен ғана жұмыс істеуге кеңес береді. АХҚО юрисдикциясы бизнесті жүргізу үшін тартымды, сондықтан тұтынушыларға АХҚО лицензиаттары мен қатысушыларының мәртебесін AFSA сайтында тексеріп тұруға болады: https://publicreg.myafsa.com/authorized/, https://publicreg.myafsa.com/    

Осыған байланысты, жоғарыдағы сілтеме тізімде жоқ әрі өтірік жарнама жасап жүрген алаяқ компаниялармен және АХҚО шеңберінде қызметті жүзеге асыруға AFSA тарапынан рұқсаты жоқ мекемелермен байланысқа түсуден аулақ болу барынша ескертіледі.

AFSA клиенттерге мұқият қана болмай, абай болуға және тек тиісті дәрежеде реттелетін әрі лицензиясы бар компанияларға ғана инвестиция салуға кеңес береді. Компания АХҚО қатысушысы бола тұра, AFSA-дан реттелетін қаржылық қызметті жүргізуге лицензия алмай, қаржылық қызметтерді ұсына алмайтынын да атап өтеміз. Сондай-ақ, тұтынушылар АХҚО-да тіркелген/біріктірілген ұйымды, реттелетін қызметті немесе басқа да рұқсат етілген қызметті жүзеге асыруға уәкілетті ұйымнан ажырату өте маңызды екенін еске саламыз.

  

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

 

Байланыс ақпараты:

Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

AIFC AI assistant