АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті Қазақстанға капиталды аудару бойынша қазақстандық компаниялар үшін оң прецедент болатын алғашқы кэптивті сақтандыру компаниясын лицензиялады

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) қазақстандық энергетикалық қайта сақтандыру компаниясына (КЕРК) кэптивті сақтандыру компаниясы ретінде сақтандыру шарттарын жасау және жүргізу бойынша реттелетін қызметті жүзеге асыруға лицензия берді. «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) актілеріне сәйкес кэптивті сақтандыру қызметі – бұл кэптивті сақтандыру компаниясына тиесілі топтың операцияларының мақсаттары үшін ғана сақтандыру шарттарын жасау немесе жүргізу жөніндегі қызмет.
АХҚО құзыретіне кэптивті сақтандыру компаниясын тіркеу трансфері қазақстандық капитал мен активтерді шетелдік юрисдикциялардан аударудың оң процесін білдіреді. АХҚО ережелеріне сәйкес тіркеуді ауыстыру КЕРК-тің бүкіл мүлкіне құқық меншігін сақтауға, тіркеуді ауыстырғанға дейін болған басымдықтары, борыштар мен міндеттердің субъектісі болып қала беруге мүмкіндік береді.    
Қазақстандық энергетикалық қайта сақтандыру компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы бола отырып, сақтандыру қызметін тек «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылатын бас компания шеңберінде жүзеге асырады. КЕРК акционері Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген Cooperative KazMunaiGaz U.A. компаниясы болып табылады.
АХҚО Қазақстандағы инвестициялық реформалар процесінің айнымас бір бөлігі болғандықтан елдегі экономикалық өсуін жеделдетуге бағытталған. АХҚО капиталды елге тартумен қатар активтерді аударуға мүмкіндік беретін реттеуші режимді енгізді. 
Компания 2004 жылдан бері Бермуд аралдарында жұмыс істеген. КЕРК-тің тіркеуді АХҚО-ға ауыстырғанымен оған өзінің бастапқы құқы мен міндеттемелерін сақтап қала алады. Яғни өзінің заңды табиғаты бойынша алғаш рет шетелде тіркелген компания ретінде құқығы сақталады. Сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін салықтық преференциялар мен құқықтық реттеудің объектісі болуға мүмкіндік береді.
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі Комитеті Бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бубеевтың айтуынша: «Қазақстандық энергетикалық қайта сақтандыру компаниясын АХҚО юрисдикциясына тіркеу трансфері АХҚО-ның құқықтық базасы қазақстандық компанияларды қолдаушы екенін көрсетеді. Қаржы орталығы арқылы активтер мен қызметтерді Қазақстанға әкелуге мол мүмкіндік бар. Себебі бизнесті жүргізу мен қаржылық қызметтер көрсету саласында, инвестицияны қорғау бойынша реттеуші режим жұмыс істейді. 
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – Қаржы бақылаушысы Айгүл Бекназарованың айтуынша: «АХҚО халықаралық бизнес жүргізетін ірі компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп есептейміз. АХҚО құзыреті ұсынған мүмкіндіктер біз үшін жағымды деп білеміз. Бұл біздің осы алаңдағы алғашқы келісіміміз емес. Дегенмен компанияны тіркеу трансфері жөніндегі қызметке бірінші рет жүгіндік. АХҚО бизнес жүргізу үшін икемді әрі ыңғайлы құрылым бола береді деп сенеміз».


Сұраулар:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.
www.aifc.kz

AFSA «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеуші, заңды тұлға болып табылады. АХҚО ережелері мен ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл – ауқат қоры» акционерлік қоғамы- жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын Қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды және миссиясы Қазақстан Республикасының Ұлттық әл – ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуды қолдау болып табылатын коммерциялық құрылым-инвестициялық холдинг болып табылады.
www.sk.kz

AIFC AI assistant