AIFC Жасыл қаржы орталығы GGKP Жасыл қаржы платформасының ресми Білім серіктесі болды
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы (AIFC GFC) Жасыл қаржы платформасы Green Growth Knowledge Partnership (GGKP) ресми серіктесі атанды.
GGKP Жасыл өсу туралы білім, Жасыл өндіріс және Жасыл қаржы платформасы сияқты өзінің үш білім платформалары арқылы саясат, бизнес және қаржы қауымдастықтарына заманауи білім, нұсқаулық, мәліметтер және инклюзивті жасыл экономикаға көшу үшін құралдар ұсынуға арналған ғаламдық сарапшылар мен ұйымдардың желісі.
Жасыл қаржы платформасының білім серіктесі ретінде АХҚО Жасыл қаржы орталығы онлайн-платформаға және басқа да бірлескен іс-шараларға қатысу арқылы өз білімдері мен түсініктерімен бөлісуге, сондай-ақ практикалық жасыл қаржы қоғамдастығын дамытуға ұмтылатын ұйымдар желісіне қосылады.
Бенджамин Симмонс мырза, GGKP Хатшылығының Басшысы:
«Біз AIFC Green Finance Center Жасыл қаржы платформасының білім серіктесі ретінде қабылдауға қуаныштымыз. Олардың жасыл қаржы саласындағы жан-жақты зерттеулері және Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия аймағында тұрақты қаржыны алға жылжыту бойынша әрекеттері серіктестіктің ортақ білім базасына үлкен пайда әкелетіні анық. Соңғы жылдары Орталық Азиядағы халықаралық инвестициялар көлемінің ұлғаюына байланысты AIFC Жасыл қаржы орталығының түсінігі, әсіресе COVID-19 дағдарысынан кейінгі жасыл экономиканы қалпына келтіру үшін маңызды болып табылады».
Әсел Нұрахметова, AIFC GFC Бас директоры:
«AIFC Green Finance Center Жасыл өсім білім серіктестігінің мүшесі болуға қуанышты және жасыл және тұрақты қаржы саласындағы сарапшылар мен ұйымдардың ауқымды желісімен ынтымақтастық және мәліметтер мен инновациялық құралдарға қол жеткізу Қазақстан және Орталық Азиясаласында тиімді тұрақты саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал етеді деп санайды.»
AIFC GFC нормативтік-құқықтық базаны құру және Қазақстанның жасыл қаржы жүйесін қалыптастырудың заңнамалық стандарттарын енгізу арқылы Қазақстан мен аймақтағы жасыл қаржыландыру және жасыл облигациялар нарығын дамытумен айналысады. AIFC GFC сонымен қатар АХҚО Биржасы платформасында жасыл облигациялардың эмитенттеріне консультациялық көмек көрсетеді, жасыл қаржы саласында зерттеулер жүргізеді, тренингтер мен жаңа платформа – жыл сайынғы Жасыл өсу форумының көмегімен қоғамның хабардарлығын және бизнес-қауымдастықтың әлеуетін арттырады.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО. Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. «АХҚО туралы» конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық қызмет көрсету орталығын құру. АХҚО міндеті ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпал ету, қаржылық қызметтер саласына инвестиция тарту үшін тартымды жағдай жасау, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
AIFC GFC Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржы құралдарын енгізуге, Астана халықаралық қаржы орталығын жасыл қаржыландыру хабы ретінде жылжытуға және Қазақстанға жасыл инвестициялар тартуға жауапты Астана халықаралық қаржы орталығының ұйымы болып табылады. https://gfc.aifc.kz/
GGKP саясат, бизнес және қаржы қауымдастықтарына заманауи білім, нұсқаулық, мәліметтер және инклюзивті жасыл экономикаға көшу үшін құралдар ұсынуға арналған ғаламдық сарапшылар мен ұйымдардың желісі. https://www.greengrowthknowledge.org