АХҚО «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» аймағының рейтингісінде бірінші орынға ие болды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) GFCI қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 100-ден 51-ші орынға көтерілді, бұл 2018 жылдың наурыз айына қарағанда 37 орынға жоғары. Сондай-ақ, қаржы орталығы «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» аймағының рейтингісінде 1-орынды иеленді.

Z/Yen тәуелсіз сарапшылары әлемнің қаржы орталықтары табыстылығының негізгі құрамдас бөліктеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізеді. GFCI рейтингі онлайн-сауалнамадан қаржы орталықтарының 29 000-нан астам бағалау негізінде жасалады және Дүниежүзілік банк, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) және т. б. сияқты ұйымдардың 130-дан астам макроэкономикалық көрсеткіштерін ескереді.

GFCI «іскерлік орта», «қаржы секторын дамыту», «инфрақұрылым факторлары», «адами капитал», «бедел және жалпы факторлар» сияқты критерийлерді қамтиды. Рейтингтің әділдігі үшін қаржы орталығын бағалау кезінде респонденттердің — шетелдік қаржы нарықтары өкілдерінің пікірі ескеріледі.

Сұраулар:

АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық 2015 жылғы желтоқсан айында қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға сәйкес қызмет етеді. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant