«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Хамад Бин Халифа университеті (Катар) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында өзара түсіністік туралы үш жақты Меморандумға қол қойылды. Шара АЭФ форумының «Қаржылық өзара іс-қимыл рөлі: қаржы орталықтарының XXI ғасырда» сессиясы аясында өтті.
Ынтымақтастық жергілікті кадрлардың кәсібилігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында үздіксіз дамуға, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер арасында академиялық алмасуға бағытталған. Басты мақсаты – ислам қаржысы бойынша бірлескен білім беру мен зерттеу бастамаларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Тараптар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ашылған Ислам Қаржы Орталығы мен АХҚО бюросы (BCPD, Ltd) базасында исламдық қаржы бойынша білім беру бағдарламаларын бірлесіп дамытуға ниетті.
Меморандумға АХҚО тарапынан – АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, HBKU тарапынан – университет президенті Ахмад Хасна, әл-Фараби ат. ҚазҰУ тарапынан – ректор Ғалымқайыр Мұтанов қол қойды.
Қайрат Келімбетов, АХҚО Басқарушысы:
«Меморандум барлық үш тарап үшін қаржылық және білім беру секторларында өсуге серпін береді. Исламдық қаржыландыру — әлемдік нарықта белсенді дамып келе жатқан ислам экономикасының бір бөлігі. Меморандум аясында біз өзекті және сұранысқа ие мамандықта жұмыс істеу үшін кәсіби мамандар дайындайтын боламыз.
АХҚО-да ислам қаржыларын дамыту үшін қолайлы экожүйе құрылған және осы бағыт АХҚО-ның негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Сондай-ақ, АХҚО исламдық қаржыландыруды ілгерілету мен дамытуда қабылдаған бастамалары Global Islamic Finance Country Index рейтингісінде Қазақстанның позициясын 2017 жылы 31-орыннан 2018 жылы 24-ке дейін жақсартты”.
Ғалымқайыр Мұтанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры:
«Университеттер арасындағы басталған жұмыс қазақстандық оқытушылар үшін қысқа мерзімді және орта мерзімді курстар спектрі арқылы, оның ішінде он-лайн режимінде де кеңейтілетін болады. Сондай-ақ, АХҚО Ислам секторын кеңейту үшін бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі мен мамандарды сертификаттық оқыту жалғасын табады. Ынтымақтастық туралы үш жақты Меморандум Қазақстанның ірі жоғары оқу орны базасында ислам қаржы саласында жоғары білікті мамандарды даярлаудың бастапқы қадамы ғана емес, сонымен қатар триумвират қатысушылары тарапынан басталған жемісті жұмысты жалғастыруда».
Ахмад Хасна, Хамад Бин Халифа университетінің президенті:
«Бұл стратегиялық серіктестік барлық тараптарға нәтиже әкеледі. Біздің университеттің профессорлары бар тәжірибесі мен білімін жинақтап, ҚазҰУ-да Ислам Қаржы Орталығының алғашқы іске қосылуына қолдау көрсете алады. Өйткені ислам қаржысы мен ислам банкингі Катарда 1990-шы жылдардан бастап пайда болды. Сонымен қатар, «Астана» халықаралық қаржы орталығының барлық ислам аспектілерін қолдау бойынша жаттықтырушыларды оқыту бойынша тренингтер басталады».
Бұл меморандум шариғат талаптарын ескере отырып жұмыс істеуге қабілетті ислам қаржы саласында сапалы кадрлар даярлауға мүмкіндік береді. Триумвират тараптары тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия өңірінің қаржы архитектурасының осы секторын дамытудың драйвері болуға мүмкіндік алады.