2020 жылдың басынан бері АХҚО қатысушылары 5 млрд теңгеден артық салық төледі

Короновирус дағдарысының іскерлік белсенділікке теріс әсеріне қарамастан 2020 жылдың үш тоқсанында «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушы компаниялары мемлекеттік бюджетке 5,678 млрд теңге салық пен төлем төледі. Салыстыру үшін айта кетейік, 2019 жылдың 12 айында көрсеткіш 6,99 млрд теңге болған еді. 

2023 жылға дейін өзін өзі ақтайтын деңгейге шығу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, қаржы орталығы екінші жыл қатарынан бюджеттік өтінімді қысқартты. 2020 жылғы өтінім 13,074 млрд теңге болса, 2021 жылға 11,821 млрд теңгені құрады. Алдағы уақытта бюджеттік өтінім 2022 жылы 9,9 млрд теңгеге, ал 2023 жылы 9,1 млрд теңгеге азаймақ:

{img}

АХҚО шығындарды оңтайландыру және қатысушы компаниялардан жиналатын салық есебінен, сонымен қатар қаржы орталығының органдары мен ұйымдарының өзіндік табысы есебінен өзін өзі ақтайтын деңгейге жетпек.   

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды.

2020 жылы АХҚО-ның бюджеттік өтінімі 2019 жылмен салыстырғанда 40% азайды. 2019 жылы көрсеткіш 20 млрд теңге болған еді.

aifc.kz

AIFC AI assistant