Астана зияткерлік орталықтар рейтингіне енді

Z/Yen тәуелсіз сарапшылары жариялаған зияткерлік орталықтар рейтингінің (Smart centres index – SCI 6) жаңартылған, алтыншы шығарылымына сәйкес, Астана қаласы алғаш рет технологияларға, ғылымға, энергетикалық жүйелерге, машиналық оқытуға, қаржылық технологияларға инвестициялау үшін тартымды қалалар тізіміне еніп, 64-орынға ие болды.

Зияткерлік орталықтар индексі жаһандық коммерциялық орталықтардың технологияларды құру, дамыту және енгізу қабілетін зерттейді. SCI жетекші орталықтары инновациялық мәдени орталықты STEM (ғылым, технология, инженерия, математика) барлық пәндері бойынша жоғары тиімді университет секторымен үйлестіретін жерлерде орналасқан, жақсы дамыған реттеу жүйесімен, коммерциялық және қаржылық қызметтермен қамтамасыз етілген.

SCI 6 138 аспаптық факторлардың көмегімен құрастырылды. Бұл макро көрсеткіштерді Дүниежүзілік банк, Economist Intelligence Unit – зерттеулер мен талдау арқылы болжамды және консультациялық қызметтер көрсететін Economist Group-тың зерттеу және талдау бөлімшесі, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынады.

SCI 6 шеңберінде барлығы 131 коммерциялық және қаржы орталығы зерттелді, оның ішінде жаңартылған басылымда тізімделген 75 орталық сауалнамаға респонденттерден жеткілікті баға алған орталықтар болып табылады.

  

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz 

AIFC AI assistant