АХҚО Қазақстанда Исламдық қаржыны дамытуды жалғастыруда: алғашқы толық Нұсқаулық әзірленді
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Азия даму банкінің (АДБ) қолдауымен Қазақстандағы ислам қаржысы индустриясындағы алғашқы ақпараттық Анықтамалықтардың ресми тұсаукесері өтті. Бірінші анықтамалық «Исламдық банк және қаржылық өнімдер бойынша нұсқаулық» деп аталса, екіншісі «Сукук (исламдық бағалы қағаздар) бойынша нұсқаулық» деп аталады.
Бұл жоба АХҚО-ның Ислам қаржысы және бизнесі жөніндегі хабының бастамасымен Азия Даму Банкінің (АДБ) исламдық қаржыландыру бойынша сауаттылық пен хабардарлықты арттыруға бағытталған «Инклюзивті өсуге арналған исламдық қаржыландыру – әлеуетті арттыру» грантының аясында жүзеге асырылуда.
Анықтамалықтарды Ұлыбританиялық Islamic Finance Advisory & Assurance Services (IFAAS) компаниясы әзірлеген. Бұл мекеме халықаралық исламдық қаржыландыру саласының ең басты ойыншыларының бірі, себебі олар 50-ден астам елдегі жетекші халықаралық ұйымдарға консультациялық қызмет көрсетеді.
Исламдық қаржы жүйесі дамыған елдерде де, дамушы елдерде де таңғаларлық қарқынмен дамып келеді. Бүгінгі таңда исламдық қаржы институттарының жалпы активтері дүние жүзінде 250 миллиард доллардан асты және Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша жыл сайын шамамен 15%-ға артып келеді.
Алайда, ислам қаржысы нарығына қызығушылық жоғары болуына қарамастан, Қазақстанда бірнеше жылдан бері осы сала туралы салмақты және кәсіби ақпараттың жетіспеушілігі анық байқалады, бұл жайт осы нарықтың дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан «Исламдық банк және қаржылық өнімдер бойынша нұсқаулық» банктер, сақтандыру және консалтингтік компаниялар сияқты қаржы институттарының өздері үшін, сондай-ақ этикалық қағидаттарына сәйкес капиталын арттырғысы келетін әлеуетті қызмет тұтынушылары үшін исламдық қаржыландыру өнімдерін жақсы түсінуде пайдалы ресурс болады деп күтілуде.
Исламдық банк және қаржылық өнімдер бойынша нұсқаулық 60 беттен және үш үлкен бөлімнен тұрады. Олар: ислам қаржысына кіріспе, исламдық міндеттемелер және инвестициялық өнімдер, исламдық активтер мен қаржы өнімдері. Анықтамалықта Шариғаттың негізгі қағидаттары, ең көп таралған исламдық қаржы өнімдері және исламдық капитал нарығының өнімдері, соның ішінде негізгі құрылымдар, негізгі шарттар мен ерекшеліктер, заңды келісімдер тізімі және т.б. егжей-тегжейлі талданады. Мәселен, мысалы, анықтамалықпен танысу Шариғат қағидаттарына сәйкес автоқаржыландыру немесе ипотека алу процесін түсінуге мүмкіндік береді.
Ислам бағалы қағаздары бойынша нұсқаулық (сукук – исламдық облигацияның баламасы) нарыққа жалпы шолу мен исламдық бағалы қағаздардың негізгі түрлері туралы ақпаратты қамтиды. Анықтамалықта исламдық бағалы қағаздарды шығару схемалары, сондай-ақ осы процестің негізгі шарттары мен ерекшеліктерінің егжей-тегжейлі талдауы келтірілген. Әзірленген материал эмитенттерде де, исламдық бағалы қағаздар инвесторларында да ақпараттағы олқылықтардың орнын толтырады деп күтілуде.
Анықтамалықтарда көрсетілген өнімдер құрылымдары Исламдық қаржы институттары үшін Халықаралық есеп және аудит ұйымы (AAOIFI) Шариғат стандарттарына сәйкес әзірленген.
Анықтамалықтарда көрсетілген өнімдер құрылымдары Исламдық қаржы институттары үшін Халықаралық бухгалтерлік есеп және аудит ұйымы (AAOIFI) Шариғат стандарттарына сәйкес жасаған.
Толық ақпарат алу үшін AIFC Business Connect (АХҚО) Корпоративтік мәселелер және маркетинг департаментіне [email protected] эл. поштасы арқылы немесе тел.+7 701 720 6055 (Айгүл) хабарласыңыз.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
AIFC Business Connect – «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ еншілес компаниясы, өз бизнесін жүргізгісі келетін және АХҚО юрисдикциясында қаржылық қызметтер көрсеткісі келетін компанияларға ақпараттық қолдау көрсетеді. Біз туралы көбірек білгіңіз келсе www.bconnect.kz сайтына өтіңіз немесе біздің LinkedIn парақшамызға жазылыңыз.