АХҚО сотының тіркеушісі М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінің құрметті профессоры атанды
АХҚО Сотының және Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт Университеттің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінің құрметті профессоры» атағын алды.
Бұл атақ, сондай-ақ Кэмпбелл-Холт мырзаның АХҚО, АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығының жалпы құқық жүйесінің, Орталық Азиядағы алғашқы осындай құқықтық институттардың қалыптасуына және дамуына қосқан үлесін мойындайды.
Бұдан бұрын «ҚАЗГЗУ университетінің құрметті профессоры» атағын Орталық Азия көшбасшылары, халықаралық академиялық, саяси, дипломатиялық және бизнес саласының өкілдері алды.
М. С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев атап өткендей:
«Кристофер Кэмпбелл-Холт М. С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінде заң білімін дамытуға елеулі үлесін қосты. Ол сондай-ақ біздің университетіміздің академиялық қауымдастығының бір бөлігі болды».
Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО сот аппаратының басшысы және МАЦ Тіркеушісі былай деп мәлімдеді:
«Мен үшін осы университетпен ынтымақтасуға және оның талантты студенттерімен кездесуге үлкен құрмет. АХҚО соты және ХТО болашақ заңгерлерді ең жоғары халықаралық стандарттар бойынша оқытуға үлес қосу мақсатында ҚАЗГЗУ-мен жақын ынтымақтастықты қуана жалғастырады».
2018 жылы АХҚО соты және ХТО ҚАЗГЗУ университетімен келесі слалар бойынша тығыз байланыста:
· ҚАЗГЗУ-да АХҚО сотының ағылшын жалпы құқығы мен рәсімдері бойынша дәрістер топтамасы өткізілді. Дәріскерлер ретінде Лорд Вульф, АХҚО сотының судьялары және ХТО төрайымы Барбара Доманн ханым болды.
· Сондай-ақ, Университетте АХҚО Заң білімінің апталығы өткізілді. Осы апталық кезінде заң факультетінің студенттері мен тәжірибеленуші заңгерлерге арналған ағылшын жалпы құқық бойынша қарқынды оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды. Бағдарламаны Кембридж университетінде корпоративтік құқық бойынша магистрлік бағдарламаның директоры доктор Марк Мур жүргізді. Осы апталықтың шеңберінде екінші бағдарлама Лондондық орталықтың дауларды тиімді шешу жөніндегі халықаралық аккредитациясын бере отырып, медиаторлардың дағдыларына үйрету бойынша бес күндік курсты қамтыды. Қазақстандық он екі бизнес және құқық кәсіпқойы Қазақстан Республикасында әлемдік стандарт медиаторлары қауымдастығын құру мақсатында өткізіліп жатқан осы бағдарламаны өтті.
· АХҚО соты мен ХТО-ның ҚАЗГЗУ университетімен жемісті ынтымақтастығының үшінші бағыты ағылшын жалпы құқығының барлық дәстүрлеріне сәйкес «Moot Court» атты атақты заң студенттер арасындағы жарысты өткізу болды. Бірінші ойын сот үдерісі 17 қазанда ағылшын тілінде сәтті өтті. Жарысқа дайындық барысында студенттер заң мәселесін талдауға, құқықтың белгілі бір саласын мұқият зерделеуге, талапкердің немесе жауапкердің өз ұстанымын қорғау үшін жазбаша құжаттарды дайындауға, сондай-ақ тәжірибелі судья-практиктер алдында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Бұл үдерісте судьялар – АХҚО сотының судьясы сэр Робин Джейкоб; АХҚО сотының судьясы сэр Стивен Ричардс; шақырылған судья, Ұлыбритания Жоғарғы Соты төрағасының бұрынғы орынбасары Лорд Манс сөз сөйледі. ҚАЗГЗУ униврситетіндегі ойын сот үдерісіне 200-ден астам қонақ келді, соның ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев, Қазақстандағы Ұлыбританияның елшісі Майкл Гиффорд мырза және басқа да жоғары лауазымды қонақтар қатысты.
ҚАЗГЗУ-да студенттердің халықаралық заң жарыстарына және оқу сот процестеріне қатысу дәстүрі қалыптасқан. Осы жылы ҚАЗГЗУ командасы Халықаралық құқық саласындағы Филипп Джессоп атындағы Әлемдік сот үдерістерінің халықаралық раундында тамаша нәтиже көрсетті. Кристофер Кэмпбелл-Холт сондай-ақ ҚАЗГЗУ-да өткізілетін ойын сот процестеріне қатысты.
2019 жылы АХҚО соты және ХТО ҚАЗГЗУ-мен ынтымақтастықта Қазақстан мен Орталық Азияның құқықтық білімін дамытуға үлес қосу үшін заң білімі мен кәсіптік оқытудың халықаралық бағдарламасын жалғастыруды жоспарлап отыр.