АХҚО Комитеті «Жаһандық Құмсалғыш» бағдарламасын іске қосты
Қаржылық инновациялардың жаһандық желісі (Global Financial Innovation Network, бұдан әрі – GFIN) — бұл Ұлыбританияның қаржылық қызметін бақылау жөніндегі басқаруды, Халықаралық валюта қорын, Дүниежүзілік банк тобын және қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі АХҚО комитетін қоса алғанда, 29 әлемдік қаржылық реттеуіштер мен ұйымдардан тұратын бірлестік. GFIN инновация саласында ынтымақтастық және тәжірибе алмасу; реттеуші технологиялармен (RegTech) байланысты мәселелер бойынша білім алмасу; компанияларға бір мезгілде Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ және басқа да юрисдикцияларды қоса алғанда, бірнеше елдерде инновациялық өнімдерді, қызметтерді немесе бизнес-модельдерді тестілеуге мүмкіндік беру мақсатында құрылған.
«Біз осы бастаманың бір бөлігі болуға қуаныштымыз. GFIN әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдау мақсатында реттеуші-пікірлестер арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді. Бұл жоба әділ, транспарентті және тиімді негізде трансшекаралық қаржылық қызметтерді дамыту бойынша АХҚО міндеттерінің бірін іске асыруға жәрдемдеседі», – деп атап өтті АХҚО комитетінің қаржылық технологиялар жөніндегі Басқарушы директоры Асылбек Давлетов.
Жаһандық құмшсалғышында тестілеу үшін қатысушы реттеуіштердің тізімін, тиісті талаптарды қарау және өтінімді 2019 жылғы 28 ақпанға дейін жіберу қажет. Қатысуға ниет білдірушілер тестілеу өткізгісі келетін елдердің реттеуші талаптарына сәйкес болуы тиіс. GFIN мүшелерінің өкілеттіктері мен міндеттерін мына сілтеме арқылы көре аласыз. GFIN сондай-ақ басқа қаржылық реттеуіштер мен халықаралық ұйымдарды желіге қосылуға шақырады.
GFIN және пилоттық тестілеуді өткізуге болатын елдердің тізімі туралы қосымша ақпарат алу үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз.