АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті Түркияның банктік реттеу және қадағалау агенттігімен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) Түркияның банктік реттеу және қадағалау агенттігімен (BDDK) банк саласында реттеу бойынша ынтымақтастықты қолдау мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) бас директорының міндетін атқарушысы Мұхтар Бөбеев және BDDK Төрағасы Мехмет Али Акбен қол қойды.

Мұхтар Бөбеев «Меморандум AFSA мен BDDK арасында ақпарат алмасуға және банктік қадағалау салаларында ынтымақтасуға жол береді. Бұл – реттеушілердің екі жақты ынтымақтастығының жаңа сатысының белгісі» – деп атап өтті.

Мехмет Али Акбен «Осы меморандумға қол қоя отырып, BDDK және AFSA арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың дамуына қажетті негіздеме қалыптастырады,» – деді.

Меморандум AFSA және BDDK трансшекаралық қызметті іске асыруға және оны қадағалауға негіздеме беріп, қаржылық қызметтер бойынша заңнама саласындағы ақпаратпен, реттеу тәжірибесімен алмасуға жағдай туғызады. Тараптар, сонымен қатар, әлеуетті арттыру мен қадағалаудың сенімді тәжірибесін нығайту бойынша бастамаларды қолдауға және екі ел қаржылық нарықтарының өсіміне септігін тигізеді.

 

Қосымша ақпарат:

 

АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық 2015 жылғы желтоқсан айында қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға сәйкес қызмет етеді. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

www.aifc.kz

 

AFSA АХҚО тәуелсіз реттеушісі, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметті және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA қаржы компаниялар мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау, және қадағалау секілді АХҚО қызметтерін реттейді.

 

Түркияның банктік реттеу және қадағалау агенттігі (BDDK) әкімшілік және қаржы дербестігі бар қоғамдық ұйым. Агенттік 2005 жылғы № 5411 Банктер туралы Түркия Респуликасының заңына сәйкес қызмет етеді. Агенттік банктерді, қаржылық компаниялар мен холдингтерді қадағалау және реттеуге өкілетті.

http://www.bddk.org.tr

AIFC AI assistant