АХҚО әкімшілігі «Деректерді қорғау туралы» АХҚО актісі мен қағидаларына ұсынылған түзетулер бойынша консультациялар мерзімін ұзартады. Пікір берудің жаңа мерзімі – 2025 жылғы 28 ақпан

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі (бұдан әрі – «АХҚО әкімшілігі») «Деректерді қорғау туралы» АХҚО актісі мен қағидаларына ұсынылатын түзетулерге (бұдан әрі – «Түзетулер») қатысты №17 консультациялық құжат бойынша консультациялар мерзімін ұзартты.

Консультациялық кезең бастапқыда 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады деп жоспарланған болатын. Алайда, ұсынылған өзгерістердің көлемді және жан-жақты сипатын ескере отырып, АХҚО әкімшілігі консультация мерзімін 2025 жылғы 28 ақпанға дейін ұзартады. Мерзімнің ұзартылуы мүдделі тараптарға ұсынылған өзгерістер бойынша ұсыныстар енгізуге қосымша уақыт береді және келіп түскен пікірлерге жан-жақты талдау жасауды қамтамасыз етеді.

Ұсынылған өзгерістердің мақсаты – АХҚО-да дербес деректерді өңдеу мен сақтаудың жаңа эталондық қағидаттарын белгілеуге мүмкіндік беретін жаһандық стандарттарды енгізе отырып, АХҚО-ның нормативтік базасын деректерді қорғау саласындағы озық әлемдік тәжірибелерге сәйкес келтіру.

Бұл өзгерістердің айрықша маңызы бар, өйткені бүгінгі күні АХҚО-ның барлық органдары мен тіркелген компаниялар АХҚО-ның «Деректерді қорғау туралы» актісінің талаптарын сақтауға міндетті. Бұл талаптар клиенттердің дербес деректерін, сондай-ақ қызметкерлердің құпия дербес деректерін өңдеуді реттейді. Өзгерістерді қабылдау нормативтік базаны нығайтуға, оны халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге, жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және АХҚО экожүйесінде деректерді басқару практикасына деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған түзетулердің бірі – комплаенс-мәдениет пен этиканы дамыту мақсатында белгіленген алымдарды төмендету. Атап айтқанда, Деректерді қорғау қағидаларының 19(2) бөлімінде көзделген хабарламаларды жіберу үшін алымды 2025 жылғы 1 наурыз бен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде 50%-ға азайту ұсынылады. Бұл шара дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау мәселелерінде құқық қолдану практикасын дамытуға жәрдемдесуге және АХҚО қатысушылары арасында этикалық стандарттарды нығайтуға бағытталған.

АХҚО әкімшілігі пікірлерді [email protected],  [email protected] электрондық пошта арқылы алуды жөн көреді.

Талқылауға арналған консультациялық құжатпен https://aifc.kz/legal-framework/open/  сілтемесі арқылы танысуға болады.  

AIFC AI assistant