AFSA токенизацияланған инвестициялар мен білікті Инвестициялар саудасына рұқсат беру, сондай-ақ АХҚО-ның көпжақты және ұйымдастырылған сауда алаңдарын реттеу жөніндегі Ережеге ұсынылған өзгерістер туралы консультациялық құжат жариялады. Түсініктеме беруді

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) токенизацияланған инвестициялар мен білікті Инвестициялар саудасына рұқсат беру, сондай-ақ АХҚО-ның көпжақты және ұйымдастырылған сауда алаңдарын реттеу жөніндегі Ережеге ұсынылған өзгерістер туралы түсініктемелер алу мақсатында консультациялық құжат жариялады.

Бұл құжаттағы ұсыныстар токенизацияланған инвестициялармен немесе білікті инвестициялармен айналысатын АХҚО-ның қазіргі және әлеуетті қатысушылары немесе АХҚО-да немесе одан тыс жерлерде көпжақты сауда алаңының (“MTF”) немесе ұйымдастырылған сауда алаңының (“OTF”) жұмысына қатысатын лизенциалистер үшін қызықты болады.

 

Бұл консультативтік құжатта мыналарға бағытталған бірнеше негізгі ұсыныстар көрсетілген:

* инвестициялық биржаларда токенизацияланған инвестициялармен сауда жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

* MTF/OTF платформаларында токенизацияланған білікті инвестициялармен сауда жасауға мүмкіндік беретін жалпы түзетулер мен ережелерді қоса алғанда, MOTF ережелерін жетілдіру.

Түсініктеме берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 31 шілдесі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір түсініктеме қажет пе екенін қарастырамыз.

AFSA электрондық пошта арқылы түсініктеме алуды жөн көреді [email protected].

Консультациялық құжат келесі сілтеме арқылы қол жетімді:https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0006-from-01-july-2024-on-enabling-trading-of-tokenised-investments-and-qualified-investments-and-proposed-enhancements-to-the-aifc-multilateral-and-organised-trading-facilities-rules.

 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2800-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45  [email protected]

AIFC AI assistant