AFSA жұртшылықты ACLB Management Company Limited компаниясының реттеу мәртебесі туралы ескертеді
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) ACLB Management Company Limited компаниясының реттеу мәртебесін түсіндіреді.
ACLB Management Company Limited «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген, алайда ол қаржылық қызметтер ұсынуға AFSA-дан лицензия алмаған және АХҚО шегінде немесе одан қаржылық жарнамалық әрекеттерді жүзеге асыруға уәкілетті емес.
Компания Proportunity Management Company Limited компаниясымен байланысты proportunity.kz платформасы арқылы қаржылық қызметтерді ұсынуға келісім жасайтыны AFSA-ға мәлім болды. Бұл ретте аталған компаниялардың ешқайсысында тиісті лицензиялары жоқ. Proportunity Management Company Limited компаниясының мәртебесі туралы соңғы ескертуді мына сілтемеден оқуға болады.
AFSA сақтық танытуды және ACLB Management Company Limited компаниясы Proportunity Management Company Limited компаниясының қатысуымен немесе өзі дербес ұсынатын қаржылық қызметтер мен өнімдерге қатысты онымен шарт жасасудан бас тартуды ұсынады.
AFSA жұртшылықты AFSA лицензия берген және/немесе тіркеген заңды тұлғалар туралы ақпарат қамтылған Жария тізіліммен танысуға шақырады. Бұл заңды тұлға ұсынатын қаржылық қызметтерді немесе өнімдерді пайдаланбас бұрын оның тиісті лицензиясы бар екеніне көз жеткізу үшін өте маңызды қадам.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 84 елден 3400-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45