АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссияның көпжақты меморандумына қол қойды
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (АФСА) Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссияның консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы көп жақты түсіністік туралы меморандумына (IOSCO меморандумы) қол қойды.
Қол қойылған меморандумның мәртебесі қаржылық қызметтерді реттеу саласында АХҚО нормативтік базасы капитал нарықтарындағы трансшекаралық қаржы қызметі саласындағы және ақпараттың құпиялылығын қорғау саласындағы ақпарат алмасудың жаһандық стандарттарына сәйкес келетінін растайды. Өзінің жаңа мүмкіндіктерімен АФСА нарықтың тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында трансшекаралық бағалы қағаздармен мәмілелерді қадағалауды жүзеге асыруды айтарлықтай кеңейтеді, сондай-ақ АХҚО актілері мен ережелеріне сәйкестікті бақылауға көмектеседі.
Жаһанды қор нарығында IOSCO Меморандумы реттеушілер арасында қаржы саласында тиімді ынтымақтастық үшін маңызды құралдар ұсынады. АФСА үшін IOSCO меморандумына қол қою жаханды қор нарығының ажырағысыз бөлігі болып табылатын және Меморандумға қол қойған 123 реттеу мекемелерімен шекарааралық қадағалау бойынша ынтымақтасуға мүмкіндік береді.
АФСА Бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бөбеев: «IOSCO Меморандумына қол қою АХҚО нормативтік базасының қалыптасуы және қор нарығының дамыуында маңызды белес. Біз IOSCO Меморандумына қол қойған үлкен топтың бір бөлігі болуға және халықаралық қаржылық реттеу органдарының ынтымақтастығына біздің міндеттемемізді көрсетуге мақтан тұтамыз».
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады.