OneWeb Kazakhstan АХҚО-да кеңжолақты байланыстың демонстрациялық шоурумын ашады

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қатысушысы OneWeb Kazakhstan Ltd. өзінің әлеуетті серіктес-дистрибьютерлер мен корпоративті клиенттеріне Нұр-Сұлтандағы АХҚО Tech Hub аумағында «B2B демо аймағы» шоурумында қызметтерін демонстрациялауды жоспарлап отыр. АХҚО алаңында OneWeb жылдам спутниктік интернетінің жаңа сапалы мүмкіндіктерін көрсетудегі мақсат Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органы мен бизнес жетекшілері бас қосатын жер жасау, сонымен қатар АХҚО юрисдикциясындағы ірі инвестициялық және технологиялық жобаларды іске асыру артықшылықтарын көрсетеді.

OneWeb Бас директоры Нил Мастерсон (Neil Masterson):

«Астана» халықаралық қаржы орталығымен, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және өзге де жергілікті серіктестермен ынтымақтастық орнатқанымызға, Қазақстанға ұсынғымыз келетін инновациялық, трансформацияланып жатқан ақпараттық коммуникациялық сала спутниктік байланысты көрсету мүмкіндігін алғанымызға қуаныштымыз. Әлемді аз кедергімен жоғары өнімді спутниктік байланысқа қосу туралы біздің жаһандық мақсатымыз аясында цифрлық және технологиялық серпіліске бағытталған Қазақстанның 4-ші ұлттық жобасын іске асыруға қатысқанымызға қуаныштымыз».

 

Павел Коктышев, АХҚО Tech Hub Бас директоры:

«OneWeb технологиясының таныстырылымы кеше ғана фантастика көрінген дүниелердің қазір алдымызда қандай мүмкіндіктер ұсынып отырғанын көрсетеді. АХҚО юрисдикциясында тіркелген OneWeb Kazakhstan арқасында елдің байланысқа қосылуға қиын өңірлерін (617 елді мекен), стратегиялық және өнеркәсіптік нысандарды сапалы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мәселесі шешілмек. Мұндай жобалар нақты әлеуметтік-экономикалық нәтиже беріп, азаматтардың өмір сапасын арттырып, елдің және АХҚО алаңының тартымдылығын арттырмақ. Соның ішінде бірлескен кәсіпорындар мен халықаралық келісім жасауға мүмкіндік береді».

 

Бұған дейін Digital Bridge форумы аясында OneWeb бас директоры Нил Мастерсон ТМД елдерінде алғаш рет төмен орбиталы спутниктік жүйесі арқылы кеңжолақты интернетке қосу қызметін көпшілікке таныстырған еді. Бейнеконференция байланысын, контент ағыны мен бұлтты қолданбаларды пайдалана отырып жасалған сынақ барысында OneWeb жер-спутник және спутник-жер бағыттарының жоғары жылдамдығы және сигналдың төмен кедергісі бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Жергілікті байланыс операторларымен жұмыс барысында OneWeb корпоративті және мемлекеттік құрылымдар қажеттілігіне және шалғай ауылдарды интернетке қосу пакеттерін бейімдей отырып тұтынушыға арналған әдіс пайдаланады. Төмен орбиталы спутниктер цифрлық теңсіздікті жою мен цифрлық экономикаға өтуде маңызды рөл ойнайды. Осы мақсатқа жету үшін OneWeb Қазақстан операторларымен ынтымақтасып, үкімет пен бизнес қауымдастыққа және шалғай ауылдарға кеңжолақты интернет ұсынады.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам»Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». aifc.zuweb.co

OneWeb – штаб пәтері Лондонда орналасқан, үкіметтер, кәсіпорындар мен қауымдастықтар арасында байланыс орнататын ғарыштан жұмыс істейтін жаһандық коммуникациялық желі. Компания бәріне және бүкіл жерде қолжетімді, тез, жоғары өнімді және төмен кедергілі байланыс қызметімен қамтамасыз ету үшін жаһандық шлюз станциялары желісімен және қолданушылар терминалымен төмен Жер маңы орбитасында спутниктер тобын айналдырады. Көбірек білу үшін: https://oneweb.world

Digital Bridge – қазақстандық және халықаралық IT-қауымдастық өкілдерінің басын қосатын халықаралық технологиялық форум. Шараның ұйымдастырушылары ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Зерде» ұлттық ақпараттық-технологиялық холдингі» АҚ мен Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі. 2021 жылы Digital Bridge үшінші рет өтті. Жыл сайын Digital Bridge форумына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. www.digitalbridge.kz