Сенаторлар АХҚО сотына және Халықаралық төрелік орталығына барды

16 сәуірде Қазақстан Республикасы Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комитет Төрағасы Георгий Ким мырзаның бастауымен кезекті көшпелі отырысын ЭКСПО-2017 аумағындағы АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – ХТО) ғимаратында өткізді.

АХҚО Сотының Төрағасы Лорд Вульф сенаторларды органның юрисдикциясымен, оның қызметін реттейтін қағидаларымен және регламентімен таныстырды. ХТО Төрағасы Барбара Доманн QC ханым Комитетке дауларды шешудің ХТО алаңында қолжетімді баламалы әдістерін таныстырды. АХҚО Соты мен ХТО шешімдерінің қалай орындалатындығы туралы ақпаратпен АХҚО Соты және ХТО аппаратының Тіркеушісі және басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза бөлісті. Сонымен қатар отырыс барысында депутаттар АХҚО Сотының төрешілерінің бірі – Сэр Джек Битсонмен танысты.

Отырыс барысында АХҚО Соты және ХТО Сенат Комитетімен бұдан былайғы ынтымақтастық және өзара қолдау мүмкіндіктерін талқылады. Комитет мүшелерін АХҚО алаңында ағылшындық жалпы құқықты қолдану тәжірибесі ерекше қызықтырды. Отырыс АХҚО Соты мен ХТО заманауи тыңдау залдарын, сонымен қатар дәріс залын барып көрумен аяқталды.

АХҚО Сотының Төрағасы Лорд Вульф былай деп түсініктеме берді:

«Біз Қазақстан Республикасы Сенатынан келген құрметті қонақтарды қабылдағанымызға, сонымен қатар олардың АХҚО Соты мен ХТО-на үлкен қызығушылықтары туралы білгенімізге өте қуаныштымыз. Сенаттың түсіністігі және қолдау көрсетуі біздің табысымыздың жалғасты болуы үшін және біздің негізгі міндетімізге – дауларды шешу бойынша Еуразияда бірінші нөмірлі болуымызға қол жеткізуде маңызды роль атқарады».

 

 

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. https://aifc.kz/kz

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.

AIFC AI assistant