АХҚО Tech Hub GIGA Басқарушы комитетінің екінші отырысында жобаның аралық қорытындыларымен бөлісті

АХҚО Tech Hub Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің төрағалығымен Қазақстан Республикасындағы GIGA Басқарушы комитетінің екінші отырысына қатысты.

Отырыс қатысушыларына ЮНИСЕФ қолдауымен жүргізілген ауқымды зерттеу нәтижелері, мектептерді Қазақстандағы Интернетке кең жолақты қолжетімділікке қосу үшін техникалық және қаржылық шешімдер ұсынылды.

АХҚО Tech Hub жобаның ағымдағы мәртебесі туралы әрі соңғы пайдаланушыны талдауды және техникалық тапсырманы дайындауды, пилоттық жобаны жүргізу үшін орындарды анықтауды қоса алғанда, белсенділіктің бірінші кезеңінің сәтті аяқталуы туралы есеп берді.

Жақын арада шешімді әзірлеу мақсатында технологиялық серіктесті іріктеу үшін байқау жарияланады.

АХҚО Tech Hub-ның ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастығы 250-ден астам халқы бар ауылдарды қоса алғанда, барлық мектептер мен үй шаруашылықтары үшін оқыту және заманауи компьютерлік технологиялармен және кең жолақты Интернетке қосылумен қамтамасыз ету үшін қолайлы орта құруға бағытталған.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz

GIGA – бұл ЮНИСЕФ пен Халықаралық Телекоммуникация Одағының (ХЭО) әр мектепті кең жолақты Интернетке қосу жөніндегі жаһандық бастамасы. Қазақстан жобаға әр баланы сапалы білім алу және одан әрі мамандық таңдау үшін кең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін қосылды.

GIGA жобасы инновациялық технологияларды енгізуге және адами капиталды дамытуға ықпал ететін “Цифрлық Қазақстан 2017-2022” және “DigitEL 2025” бастамаларын қолдау мақсатында жүргізілуде.

AIFC AI assistant