Ұлттық ESG клубы ESG трансформация жолындағы негізгі проблемалық аспектілерді анықтады

Ұлттық ESG клубының бірінші Стратегиялық сессиясы өтті, оған клуб мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері қатысты.

Стратегиялық сессия клубтың алғашқы офлайн іс-шарасы болды, оның негізгі мақсаты клубтың алдағы жылға арналған ESG даму стратегиясын әзірлеу болды. Іс-шара Ұлттық ESG клубының мүшелері мен шақырылған компаниялардың қатысуымен «мастер-майнд» форматында өткізілді, оның шеңберінде қатысушылар Қазақстандағы ESG күн тәртібінің негізгі аспектілерін талқылау үшін 4 топқа бөлінді – ESG трансформациялау қажеттілігі, ESG қағидаттарын ілгерілету үшін қажетті қолдау шаралары, Ұлттық ESG клубының мемлекеттік ESG күн тәртібін іске асыруға қосатын үлесі, сондай-ақ, Қазақстанда ESG қағидаттарын ілгерілету кезіндегі кедергілер мен мүмкіндіктер.

Талқылау барысында қатысушылар компания қызметіне ESG қағидаттарын енгізудің маңыздылығы мен қажеттілігінің негізгі факторларын және орнықты даму қағидаттарын ілгерілету жөніндегі жұмыстағы команданың негізгі құндылықтарын, оның ішінде ынтымақтастық, уәждеме, инновация, тәжірибе, икемділік және т.б. айқындады. Негізгі кедергілердің қатарында ақпараттың жеткіліксіздігі және қоғамның ESG қағидаттарының құндылығы туралы хабардарлығының төмен деңгейі, оларды компанияларда енгізу үшін қаржылық ынталандырудың болмауы, заңнамалық базаны әртараптандыру және құқық қолданудың күрделілігі, қаржылық тәуекелдердің болуы (айыппұлдар төлеу, өтелу тетіктерінің болмауы) және т. б.

Клуб қызметін жалғастыру тұрғысынан Қазақстанда Ұлттық ESG клубының қызметін ілгерілету және орнықты даму күн тәртібі жөнінде ұсыныстар алмасу маңызды болды.

Сонымен қатар, стратегиялық сессия аясында кеңсе нысандары мен кеңсе бөлмелері үшін халықаралық сыйлықтың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті – Green Office Awards, оның мақсаты «жасыл», тұрақты жұмыс кеңістігін дамытуды ынталандыру және ынталандыру болып табылады.

«Қазақстанның үздік жасыл кеңсесі» номинациясының жеңімпаздары екі компания – «Бәйтерек» Ұлттық холдингі» АҚ және PARK View OFFICE TOWER болды.

Анықтама:

Ұлттық ESG клубы 2022 жылғы 28 шілдеде Astana Finance Days 2022 шеңберінде құрылды және өз салаларында ESG-трансформацияның көшбасшылары болып табылатын 19 компанияны біріктірді. Бүгінгі таңда клуб құрамына 30 компания кіреді. 

Астана Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz 

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.

Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant