АХҚО құзырында 200-ден астам компаниялар тіркелген
Қаржы қызметтерді реттеу жөніндегі АХҚО комитеті (AFSA) 200 компанияны АХҚО-да тіркеді. Бұл оқиға Astana Finance Days, шілденің басында қалыптасқан дәстүр бойынша әлемдік сарапшылар мен мемлекет қайраткерлерін, іскер және ғылыми орта өкілдерін жинаған жыл сайынғы қаржылық конференцияны өткізумен тұспа-тұс келді.
АХҚО тіркелген қатысушыларының географиясы Қазақстан, Ресей, Эстония, Латвия, Біріккен Корольдік, Италия, Финляндия, АҚШ, Қытай, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Үндістан, БАӘ, Түркия сияқты 20-дан астам елдерді қамтиды. АХҚО қатысушылары банктік қызмет, қор нарығы, активтерді басқару, жеке банкинг, ислам қаржылары, кредиттік-рейтингтік қызмет және басқа салаларда жүзеге асырады.
Қаржылық және қосымша қызметтер көрсететін ең ірі компаниялардың қатарына Қытай құрылыс банкінің филиалы (Қытай), Altyn Bank (Қазақстан), Қытайдың даму банкінің өкілдігі (Қытай), Paladigm Capital Pte (Сингапур), Wood and Co (Чехия), Shinhan Investment Corporation (Оңтүстік Корея), Russell Bedford (АҚШ), Renaissance Capital (Кипр), Аналитикалық кредиттік-рейтинг агенттігі (Ресей) кіреді.
АХҚО Биржасында өз қызметін Қазақстан, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея және Еуропадан – брокерлер мен дилерлер жүзеге асырады. Қырықтан астам компания қосалқы қызметтерді, атап айтқанда заңгерлік, аудиторлық, бухгалтерлік, консалтингтік және рейтингтік қызметтерді көрсетеді.
АХҚО қатысушысы болу үшін тіркелу және қандай да бір қызметтерді жүргізуге лицензия алу қажет. Тіркеу рәсімі туралы толығырақ АХҚО Комитетінің www.afsa.kz сайтынан білуге болады.