Astana Finance Days шеңберінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша панельдік сессия өткізілді
Astana Finance Days шеңберінде АХҚО Құқық конференциясының бөлігі ретінде «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» атты панельдік сессиясы өткізілді.
Сессияның модераторы И.И. Рогов (Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Венеция комиссиясының мүшесі) болды.
Панельдік сессияға спикерлер ретінде Р.А. Баталов («Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы – Басқарма Төрағасының м.а.), А.Қ. Мұқанова (Әділет Вице-министрі), Р.М. Жүрсінов (Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл), З.О. Өтебаева (Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың басшысы), А.Ж. Бикебаев (Республикалық адвокаттар алқасының Төрағасы) қатысты.
Сессия қатысушылары кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін, бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын, Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа кезеңінде әкімшілік кедергілерді азайтуды, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
Astana Finance Days 2022 конференциясының бас демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG).
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.