Абу-Даби Халықаралық қаржы орталығы және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО-АФСА) қаржы нарықтарындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойды

24 мамыр 2018 жыл, Астана, Қазақстан: Будапешт қаласында өткен, Халықаралық ұйымның бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясының (IOSCO) жыл сайынғы конференциясында Абу-Даби (ADGM) жаһандық нарықтың Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (FSRA) және Астана қаласының «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АФСА-АХҚО) Өзара түсіністік туралы Меморандумға (ӨТМ) қол қойды.

Аталған келісім екі елдің басшыларына Абу-Даби және Қазақстандағы қаржы нарықтарының өсуін нығайту жөніндегі бірлескен бастамалары мен шаралары бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға мүмкіндік береді.  

Меморандум тиісті заңдар, нормативтер саласындағы тәжірибе және білім алмасу үшін және әрбір нарықта қаржылық қызмет көрсету саласындағы нормативтік реттеу практикасы және  трансшекаралық топтық қызметті және қадағалауды жеңілдету үшін FSRA және АФСА командаларына арналған стратегиялық платформаны анықтайды.  Басшылық, сондай-ақ, адами капиталдың дамуына және екі қаржы нарығының да едәуір өсуіне септігін тигізетін өзара тиімді жобалар мен шараларды  қарастырады.

FSRA ADGM-ның халықаралық байланыс жөніндегі директоры Филипп Ричард мырза былай деді: «Аталған Меморандум біздің «Астана» халықаралық қаржы орталығымен және оның реттеуші органдарымен тұрақты ынтымақтастығымыздағы маңызды оқиға болып табылады. Бұдан да тығыз байланыс жасаудың және тәжірибе мен білім алмасудың арқасында екі реттеуші орган платформалар және юрисдикциялар арқылы трансшекаралық операцияларға мүдделі қаржы мекемелеріне қолдау көрсете алады».

АФСА бас саяси қайраткері Мухтар Бубеев мырза былай деді: «Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылғанна кейін біз FSRA-мен біздің ынтымақтастығыздың нығайғандығына өте қуаныштымыз. Біздің құқықтық және нормативтік шектеулеріміз көптеген синергизмге ие, ал ADGM біздің халықаралық қаржы орталығын құрсақ деген талпынысымызды қолдайды».

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) туралы

АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңға сәйкес әрекет етеді. АХҚО мақсаты қаржылық қызмет көрсету және капитал нарықтары үшін, оның ішінде бағалы қағаздар нарығын, Қазақстан Республикасын сақтандырушылық, банктік және исламдық қаржыландыруды қоса алғанда, тартымды және қолайлы іскерлік орта құру арқылы Қазақстан экономиксына инвестиция тарту. 

www.ifc.kz   

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) «Астана» Халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз реттемелі органы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қаржылық қызметімен байланысты қызметтерін реттеу мақсатында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңға сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы және жарғылық органы болып табылады.  Осылайша, АФСА қаржылық компаниялардың және нарықтық институттардың авторизациясын, тіркелуін, мақұлдануын және оларды бақылауды көздейтін АХҚО-ның нормалары мен ережелерін басқарады. 

www.afsa.kz 

AIFC AI assistant