АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Ирландияның Орталық Банкі Балама инвестициялар қорлары басқарушыларын қадағалау саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) мен Ирландияның Орталық Банкі (CBI) AIFM ЕС директивасына сәйкес Балама инвестициялар қорлары басқарушыларын (AIFM) қадағалау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Бұл Меморандум маркетинг және хедж-қорлар, тікелей инвестициялар мен жылжымайтын мүлік қорлары сияқты балама инвестициялық қорларды басқару бойынша АХҚО қорларының басқарушыларына, Ирландиядағы кәсіби инвесторларға, сондай-ақ АХҚО-да балама инвестициялық қорларды басқаруға немесе ілгерілету мақсатында Ирландия үшін негіздемелік шарттарды белгілейді.
Әлемдік қаржы нарықтарының жаһандануы күшейіп, трансшекаралық операциялар мен балама инвестициялар қорларын басқарушылар белсенділігі ұлғаюына байланысты AFSA мен CBI арасындағы ынтымақтастықтың ресімделуі балама инвестициялар қорларын басқарушыларын, трансшекаралық негізде жұмыс істейтін олардың делегаттары мен депозитарийлерін қадағалаудағы өзара көмекті қамтамасыз етеді. Өзара түсіністік туралы меморандум арқылы қадағалаушы органдар бір-бірімен өздерінің тиісті реттеушілік мандаттарын орындау мүддесіне сәйкес, әсіресе инвесторларды қорғау, нарық пен қаржылық тұтастықты нығайту, сенім мен қаржылық тұрақтылықты сақтау салаларында ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.