AFSA мен БАӘ құнды қағаздар мен шикізат тауарлары бойынша Басқамасы капитал нарығындағы ынтымақтастық бойынша келісімге келді

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) Бірікке Араб Әмірліктері (БАӘ) Құнды қағаздар мен шикізат тауарлары бойынша басқамасымен (SCA) арада капитал нарығындағы ынтымақтастық бойынша келісімге қол қойды.

Өзара түсіністік туралы меморандумның мақсаты екі юрисдикциядағы бағалы қағаздар нарығы мен қаржылық қызмет көрсететін компанияларды қадағалау және жалпы қадағалау саласындағы SCA мен AFSA арасындағы өзара ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды арттыру.

AFSA мен SCA арасындағы ынтымақтастықты орнату Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен БАӘ капитал нарықтары арасындағы трансшекаралық транзакцияларды жеңілдетуге және қолдауға мүмкіндік береді.

Осы Меморандумға қол қою арқылы қол жеткізетін АХҚО мен БАӘ арасындағы бірінші іскерлік бастама АХҚО биржасы Astana International Exchange (AIX) Tabadul цифрлық хабына кіруі. Бұл аймақтық айырбас орталығының қазіргі мүшелері Абу-Даби қор биржасы, Бахрейн қор биржасы және Маскат қор биржасы, олар өзара нарыққа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құрылған. Tabadul инвесторларға жергілікті лицензияланған брокерлер арқылы биржаларда тікелей сауда жасауға мүмкіндік береді.

 

Анықтамалық ақпарат:

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 76 елден 1900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.

www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

 

Байланыс үшін:

Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 email: [email protected]

AIFC AI assistant