AFSA және Өзбекстан Республикасының Ұлттық перспективалық жобалар агенттігі ынтымақтастық пен өзара қолдау туралы келісімге келді
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) және Өзбекстан Республикасының Ұлттық перспективалық жобалар агенттігі Ташкентте капитал нарықтары, сақтандыру және крипто-активтер нарығы саласындағы ынтымақтастықты, өзара көмек пен бірлескен бастамаларды дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Жақында капитал мен сақтандыру нарықтарын реттеу өкілеттігіне ие болған крипто-активтер саласындағы реттеуші Өзбекстан Агенттігі және AFSA тығыз ынтымақтастық орнатуға ниетті әрі реттелетін нарықтарда өздерінің реттеуші және қадағалау функцияларын орындай отырып өзара ынтымақтастықтың маңызды екенін ескеруде. Осы өзара түсіністік жөніндегі Келісім екеуара жәрдемдесуге негіз бола отырып, ақпарат алмасуды жеңілдетеді.
Серіктес ұйымның басқарушы директорының міндетін атқарушы Валихан Гусманов серіктестіктің маңыздылығына тоқталды: «AFSA да капитал нарығында, сақтандыру секторында және криптоактивті нарықта екі юрисдикция арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің үлкен әлеуетін бар екенін ескереді. Бүгінгі қол қойып отырған меморандум екі юрисдикция арасындағы, тіпті екі бауырлас елдің қаржы нарықтарындағы трансшекаралық ынтымақтастықтың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Аталған келісімді ресми түрде ресімдеу өңірлік қаржы нарықтарын дамытуға жәрдемдесудегі маңызды қадам десе болады. Мұндай игі бастама трансшекаралық операцияларды реттеу мен қадағалауды күшейтетіні сөзсіз».
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін: Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45; [email protected]