АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті КЖ/ТҚҚІ мақсаттары үшін Ішкі бақылау қағидаларына Нұсқаулықты бекітті
21 мамырда АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті КЖ/ТҚҚІ мақсатында Ішкі бақылау қағидаларына қолданылатын Нұсқаулықты (Талаптарды) бекітті. Ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып, қызметі АФСА басшылығымен жүзеге асырылатын АХҚО-ның тиісті қатысушыларына арналған (бұдан әрі – Нұсқаулық).
Нұсқаулық:
- «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (КЖ/ТҚҚІ туарлы заң) 11-бабы 3-2-тармағына;
- Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және санкциялар қолдану туралы АХҚО қағидаларының (КЖҚІ қағидалары) 4.3.1-бөліміне;
- «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» «Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарушысының (2018 жылғы 11 шілдедегі №65) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (2018 жылғы 19 шілдедегі №678) Бірлескен бұйрығының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Нұсқаулық тәуекелдерді басқару бағдарламаларына, клиенттерді сәйкестендіруге, операцияларды мониторингілеу және зерттеуге, қызметкерлерді оқыту мен таныстыруға қатысты Тиісті тұлғалардың КЖҚІ саясатына, қағидалары мен рәсімдерінде енгізілуі қажет талаптарды белгілейді.
Нұсқаулық Қазақстанның КЖ/ТҚҚІ туралы заңнамасын қолдану аясын кеңейтеді және анықтайды, оған мыналар:
- КЖҚІ саясаты, ережелері мен рәсімдерін белгілеу және сақтау;
- ақшаны жылыстату/терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін айқындау және коммерциялық тәуекелдерді және клиенттің/тұтынушының тәуекелдерін қоса алғанда анықталған тәуекелдерді басқару;
- ықпалды саяси тұлғалар мен түпкілікті бенефициарлық меншік иелерін қоса алғанда, клиенттердің операциялары мен қызметтерін мониторингілеу және бағалау;
- Клиенттерді кешенді тексеруді, Кеңейтілген кешенді тексеруді және Жеңілдетілген кешенді тексеруді орындаушылар;
- Қызметкерлерге арналған КЖҚІ саласындағы тиісті оқыту кіреді.