AFSA-да комплаенс қоғамдастық үшін санкциялар тақырыбында тренинг өтті
«Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) «Санкциялар: халықаралық және өңірлік аспектілер» тренингі өтті. Семинарға комплаенс және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл (АЖҚ) саласындағы кәсіби мамандар тобы, оның ішінде АХҚО қатысушылары қосылды. Ұлыбритания мен АҚШ қолданатын санкциялар режиміне баса назар аударылды.
Іс-шараны Ұлыбританияның Астанадағы елшілігі, АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA), сондай-ақ Eldwick Law, Outer Temple және Unicase заң компаниялары ұйымдастырды.
Тренинг іс-шараға қатысушыларға болып жатқан өзгерістерге тиімді бейімделу үшін қажетті білім мен дағдыларды беруге арналған. Оқу барысында тағайындалған адамдар[1], меншік және бақылау, қаржылық және сауда санкциялары, Ұлыбритания контекстіндегі құқық қорғау және комплаенс, сот және төрелік іс жүргізудегі санкциялардың рөлі сияқты тақырыптар қарастырылды, сондай-ақ АҚШ контекстіндегі қайталама санкцияларға шолу жасалды.
Unicase Law басқарушы серіктесі Артем Тимошенко: «Тренинг тақырыбы маған өте өзекті және қызықты болып көрінеді, өйткені экономикалық санкциялар мемлекеттік саясаттың бір түрі ретінде халықаралық қатынастар контекстіндегі ең проблемалы тақырыптардың бірі. Бүгінгі таңда біз көптеген елдерде санкция режимін сақтау және қайталама санкцияларға ұшырамау үшін ішкі әрекеттердің ережелерін айқындайтын арнайы ұлттық заңнама жоқ екенін байқап отырмыз, бірақ санкциялар салынбаған елдер үшін жаңа сауда ережелерін сақтау сияқты көптеген міндеттемелер бар. Экономикалық санкцияларды сақтау және түсіну үшін Unicase-ке клиенттердің сұранысы артып келе жатқандығына байланысты мен бұл жергілікті бизнес үшін жаңа әдістер мен тиісті байқағыштық алгоритмдерін құрудың тамаша мүмкіндігі екеніне сенімдімін».
Outer Temple Chambers адвокаты Алекс Хэйнс: «Өз клиенттеріне ең тиімді қызметтерді ұсына алуы үшін тренинг қатысушыларға күнделікті практикаларының тиімділігін арттыруға көмектесуді көздейді».
Eldwick London Officе серіктесі Рашид Гайсин: «Соңғы 10 айда мен өңірді көп араладым, соның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктеріне сапар жасадым. Болған барлық жерде санкциялар, олардың қолданылуы, сақтамаудың салдары және т.б. туралы сұрақтар қойылды. Бізге көптеген түйткілді мәселелерді шешу үшін арнайы тренинг ұйымдастырған жөн болар еді деген ой келді. Қазір Астанада өткіземіз деп жоспарлап отырған талқылаулар туралы идея осылай пайда болды».
АХҚО-ның АЖ/ТҚҚ[2] және санкциялар саласындағы бақылау жүйелері профилактика мен қорғаудың негізгі бағыттарын қамтитын қадағалаудың тәуекелге бағдарланған моделін білдіреді. Оларға кешенді тексеру жүргізу және компанияларды тіркеу және лицензиялау кезеңінде түпкілікті бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты ашу сияқты шаралар кіреді; компания басшылары кәсіби сәйкестік тексерісінен өтеді, ал ақшаны жылыстату туралы есеп беруге жауапты қызметкерлер олардың кәсіби жарамдылығына және жоғары реттеуші стандарттарға сәйкестігіне көз жеткізу үшін әңгімелесуден өтеді; компанияларға тиісті тәуекел рейтингтері беріледі және қажет болған жағдайда өтініш беруші компанияға қойылатын талаптар мен ұсыныстардың тізімін білдіретін «Тәуекелдерді азайту бағдарламалары» (ТАБ) тағайындалады. PSR компаниясы міндетті түрде орындағаннан кейін ғана ол орталықта жұмыс істей алады. Кейіннен компаниялар қашықтықтан және көшпелі жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы тұрақты мониторинг жүргізетін кейс-менеджерлердің бақылауына беріледі. AFSA-ның кез келген ақпаратты талап ету және АХҚО-ның АЖ/ТҚҚ талаптарын сақтамағаны үшін пропорционалды сипаттағы әртүрлі тәртіптік және қаржылық санкциялар салу құқығын қоса алғанда, жеткілікті өкілеттіктері бар екенін атап өту маңызды.
Компания міндетті түрде ТАБ-ты орындағаннан кейін ғана ол Орталықта жұмысын бастай алады. Кейіннен компаниялар қашықтан және көшпелі жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы тұрақты мониторинг жүргізетін кейс-менеджерлердің бақылауына беріледі. AFSA-ның кез келген ақпаратты талап ету және АХҚО-ның АЖ/ТҚҚ талаптарын сақтамағаны үшін тиісінше сипаттағы әртүрлі тәртіптік және қаржылық санкциялар салу құқығын қоса алғанда, жеткілікті өкілеттіктері бар екенін атап өту маңызды.
AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов: «Санкциялар туралы өңірлік және халықаралық білім алу тәуекелдерден қорғауды күшейтуге көмектеседі. Бүгінгі таңда қарқынды дамып жатқан санкциялық режимдер туралы білім мен тәжірибе алмасу арқылы біз юрисдикцияларға әділ және ашық қаржы нарықтары мен капитал нарықтарын қамтамасыз етуді жалғастыруға көмектесеміз».
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[1] Лицензияланған компания тағайындалған функцияны орындау үшін тағайындаған тұлға.
[2] Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ).