AFSA KBI Partners Limited компаниясына АХҚО Ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салады

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) АХҚО-да тіркелген KBI Partners Limited жеке компаниясына қатысты мәжбүрлі іс-шара қабылдады.

Іс-шара осы компанияның АХҚО-ның қаржылық қызметтер жөніндегі негіздемелік Ережелерінің 24-ші тармағын бұзғаны үшін және АХҚО-да іс жүргізу Ережелерінің 3.3.1 (а) тармағын бұзып, AFSA лицензиясынсыз қаржылық қызмет көрсетуіне байланысты қабылданды.

АХҚО-ның қаржылық қызметтері бойынша Ережелерінің 118 (1) (a) тармағына сәйкес KBI Partners Limited компаниясына 7000 АҚШ доллары көлемінде қаржылық айыппұл салынды.

AFSA бұл шешімді KBI Partners Limited компаниясының мынадай Актілерін бұзғаны үшін қабылдады:

  1. АХҚО-ның қаржылық қызметтері бойынша Ережелерінің 24-ші тармағы қатысушының AFSA лицензиясынсыз реттелетін қызмет түрлерін көрсетуге, нарықтық қызметпен және қосымша қызметтермен айналысуға тиым салады.
  2. АХҚО-да іс жүргізу Ережелерінің 3.3.1 тармағы (a) тұлғаға, егер  тұлғаның өзі реттелетін компания болып табалмаса, оған AFSA лицензиясы бар компанияның реттелетін қызметін қаржылық тұрғыда алға жылжытуға тиым салады.

AFSA Бас директорының орынбасары Гарет Линг: «Арнайы лицензияға ие болу арқылы іс жүргізу АХҚО қаржылық жүйесінің толыққанды болуы үшін және сенімді қалыптастыру үшін өте маңызды. Тұтынушылар мемлекет тарапынан ұсынылатын нормативті-құқықтық базаның өздерін қорғайтынына және АХҚО-дағы өздерімен жұмыс істейтін компанияның AFSA-дан тиісті лицензия алғандығына сенімді болуы керек», -деді.

AFSA қабылданған шешім  АХҚО-ның қаржылық қызметтері бойынша Ережелерінің 7 (3) тармағында көрсетілген реттеушілік мақсаттарына, АХҚО заңдылығына және KBI Partners Limited әрекеттерін реттеуге сәйкес келеді деп есептейді.

 

 

 

Анықтамалық ақпарат:

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 70 елден 1700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.

www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant