АХҚО Ислам Даму банкі (ИДБ) Тобының 2022 жылғы жыл сайынғы кездесулеріне қатысты
«Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) делегациясы Шарм-эль-Шейхте Египет Араб Республикасы Үкіметінің қолдауымен өткен Ислам Даму банкі (ИДБ) Тобының 2022 жылғы жыл сайынғы кездесулеріне қатысты. Делегацияны АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу Комитетінің (AFSA) Бас директоры, Ислам Даму Банкінің Қазақстан атынан Басқарушысының міндетін атқарушы Н. Көшімов басқарып барды.
ИДБ жыл сайынғы жиынына осы ұйымға қатысушы 57 елден мемлекеттік ұйым басшылары мен өкілдері, аймақтық және халықаралық қаржы ұйымдары мен даму институттарының өкілдері, бизнес пен қоғамдық көшбасшылар қатысты.
Кездесуде ИДБ Басқарушылары Кеңесінің жиындары, ИДБ топтары мүшелерінің жиындары, қосымша форумдар мен панельдік сессиялар болып, онда орнықты даму, исламдық қаржыландыру, цифрландыру және өзге де сұрақтар талқыланды.
ИДБ Қазақстан атынан Басқарушысының міндетін атқарушы Н. Көшімов «Қаржы қызметтері саласындағы цифрлық трансформация: ФинТех дәуір» атты арнайы жиынға қатысып, сөз сөйледі. Ол АХҚО-дағы финтех дамуы, AFSA-ның финтех саласындағы компанияларды реттеуі туралы айтты.
«Цифрлық трансформация реттеу тұрғысынан алғанда біраз қиындықтармен бетпе-бет келеді, нақтырақ айтсақ, ол инновациялық заң дайындап, тұтынушылар құқықтарын қорғауға баса мән берудің қажеттілігімен байланысты. Дегенмен біз финтехты қаржылық қауіпсіздік саласында орналасқандар және банк қызметтеріне қол жеткізе алмайтын топтың ортасындағы көпір ретінде, екпін беретін күш ретінде қарастырамыз.
Біз AFSA-да финтех саласындағы инновацияларды алға жылжытып, сонымен қатар реттеу мен қадағалауды қамтамасыз етуге талпынамыз. Бұл финтехтың жаңалықтарын қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді»,- деді AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов.
Сапар аясында ИДБ басшылығымен кездесу, ИДБ компаниялар тобы (ICD, ITFC, ICIEC) басшылығымен кездесулер өткізіліп, онда ИДБ Тобы мен Қазақстан Республикасы аясындағы ынтымақтастық мәселелері, дәлірегінде, қазақстандық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері, ИДБ-нің ислам қаржылық қызметтерін дамытудағы ықпалы туралы талқыланды.
Сонымен қатар, әртүрлі банктер мен компаниялардың өкілдерімен, оның ішінде, ОПЕК қорының бас директорымен, Исламдық қаржылық қызметтер Кеңесінің бас хатшысы және өзге де ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізілді.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 64 елден 1300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz
Ислам даму банкі (ИДБ) – бұл AAA рейтингісіне ие ұлттық органдардан жоғары тұратын халықаралық қаржылық институты, құрамына ИДБ-ге мүше елдердің әлеуметтік-экономикалық және орнықты дамуын қамтамасыз ететін 57 ел кіреді. Оның негізгі қызметі ғаламдық даму, серіктестік қатынастарды құру, ғылымның, инновациялар мен технологиялардың дамуы және ғаламдық құн түзілуі тізбегінің бекуіне ықпал ету.