АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Refinitiv-пен серіктесе отырып, АХҚО қатысушылары арасында талаптарды сақтау мәдениетін ілгерілетуде
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қатысушыларына сәйкестік туралы деректерге және реттеушілік нарық ақпаратына оңай қолжетімділікті ұсыну үшін Refinitiv-пен серіктестікті бастады.
Ынтымақтастық туралы шарт АХҚО қатысушыларына (1) Refinitiv-тен World-check сервисіне икемді жазылу шарттарына рұқсат алуға* және (2) Қазақстан мен ТМД елдерінде талаптарды сақтау саласындағы іс-шараларға, тренингтерге қатысуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Refinitiv – қаржы нарықтарының деректері мен инфрақұрылымын ұсынатын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Ол озық деректер мен идеяларды, сауда платформаларын, сондай-ақ сауда-саттық, инвестициялар, капиталды басқару, нормативтік талаптарды сақтау, нарық деректерін басқару, корпоративтік тәуекелдер және қаржылық қылмыстармен күрес сияқты салалардағы өркендеген жаһандық қаржы нарықтары қоғамдастығын біріктіретін ашық деректер мен технологиялар платформаларын ұсынады. Refinitiv World-Check, Qual-ID және кеңейтілген кешенді тексеру қызметі сияқты нормативтік талаптарды сақтаумен байланысты бірқатар өнімдерді ұсынады.
Қызығушылық танытқан қатысушылар келесі байланыс деректері бойынша хабарласа алады:
Refinitiv
Таир Байғұнов
+7 (702) 404 33 94
[email protected]
AFSA Refinitiv-пен ынтымақтастық АХҚО қатысушылары арасында нарықтық ақпарат пен деректер платформаларына қол жеткізу арқылы нормативтік талаптарды сақтау мәдениетін дамытуға ықпал етеді деп санайды.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда [email protected] мекенжайы бойынша AFSA коммуникация бөліміне хабарласыңыз.
*АХҚО қатысушыларына World-Check сервистік платформасына бір ай мерзімге тегін сынақ қолжетімділігі беріледі. Қызығушылық танытқан қатысушылар тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейін тегін сынақ мерзімін ұзартудың шарттарын жеке келісе алады.