АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі Комитеті мен Үндістанның бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі кеңесі ынтымақтастықты күшейту туралы келісті
«Астана» халықаралық қаржы орталығы қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) мен Үндістанның бағалы қағаздар және биржалары жөніндегі кеңесі (ҮБҚБК) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумға АХҚО-ның қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі Комитеті Бас директорының міндетін атқарушысы М. Бубеев пен Үндістанның бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі кеңесінің төрағасы А. Тьяги қол қойды. Келісім Үндістанда және «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы нарықтарының дамуы мен өсуін қолдау әрі бірлескен бастамалар бойынша ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.
AFSA мен ҮБҚБК бақылау тұрғысында ақпарат алмасу бойынша серіктестік орнатпақ. Мәліметтер өз кезінде қос құзыреттегі қаржы мекемелерінің трансшекаралық қызметтерді жеңілдету үшін қажет. Сонымен қатар меморандумға қол қою реттеу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мен тараптардың үздіксіз бейімділігін көрсетеді.
М. Бубеев атап өткендей, «АХҚО Азия аймағындағы реттеуші органдармен әріптестік қарым-қатынасты ортнатуға және қаржылық қызметке қатысты трансшекаралық ақпараттармен алмасуға жәрдемдесуге ұмтылады. Біз Үндістанның бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі кеңесімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойғанымызға қуаныштымыз және біздің органдар арасында берік қарым-қатынас орнайды деген үміттеміз».
«Біз AFSA-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қонымызға қуаныштымыз. Ол екіжақты ынтымақтастықты нығайта түседі және АХҚО-мен тығыз қарым-қатынас орнайтынына сенімдіміз. Нарықтар өзара тығыз байланысты болып келеді әрі қаржы ұйымдары жаһандық деңгейде жұмыс істейді, сондықтан өзара түсіністік туралы Меморандум трансшекаралық ынтымақтастық үшін құнды құрал болмақ. Өзара түсіністік туралы Меморандум трансшекаралық инвестицияларға жәрдемдесуден бөлек техникалық көмек пен оқыту қажеттілігі үшін ақпарат алмасуға ықпал ететін болады», – деді А. Тьяги.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.
AFSA «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеуші, заңды тұлға болып табылады. АХҚО ережелері мен ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
Үндістанның бағалы қағаздар және биржалары жөніндегі кеңесі (ҮБҚБК) 1992 жылғы Үндістанның Бағалы қағаздар және биржалары туралы Заңына сәйкес Үндістандағы бағалы қағаздар нарығын реттеу үшін құрылды. ҮБҚБК міндеттері инвесторлардың мүдделерін қорғау, Үндістандағы бағалы қағаздар нарықтарын дамытуға жәрдемдесу және дамытуды реттеу болып табылады.