АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті АХҚО уәкілетті банктерімен және инвестициялық компанияларымен нормативтік талаптарды талқылауда

Жақында АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО-да тіркелген банктер мен инвестициялық компаниялар үшін онлайн-семинар өткізді. Семинардың мақсаты – декларацияларды дайындау жөніндегі нұсқаулықта келтірілген болжамдарды талқылауға мүмкіндік беру және оның іс жүзінде қалай болатындығы туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

AFSA Пруденциялық бақылау бөлімінің директоры Әнуар Қалиев: «Біз хабардарлық деңгейін арттырып, нормативтік нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен бірге әр түрлі пруденциялық декларациялар бойынша тиімді есептілік туралы түсінікті қалыптастырғымыз келеді» – деген пікір білдірді.

Семинар бірқатар әдістемелік ұсынымдар негізінде жасалды және уәкілетті банктер мен инвестициялық компаниялардың өкілдеріне реттеуші органның тікелей тәжірибесінен сабақ алуға мүмкіндік берді. «Сұрақ-жауап» сессиясы барысында Пруденциялық бақылау бөлімі қосымша ақпарат беріп, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинарға қатысушылардың пікірлері өте жақсы болды, қатысушылардың өздері AFSA қызметкерлерімен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жоғары бағалады және құптады, олардың көпшілігі болашақта осындай өзара іс-қимылды жалғастырғысы келетіндіктерін білдірді.

Семинарға қатысушылар сонымен қатар «уәкілетті банктер мен инвестициялық компанияларға арналған семинар жақсы ойластырылған және қаржы қоғамдастығы мен реттеушіге орын алған проблемаларды талқылауға және фирмалар мен компаниялардың өз міндеттерін орындаудың ықтимал жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді» деп атап өтті. Семинардың тағы бір басты артықшылығы – қатысушыларға бір-бірімен және реттеушімен түрлі мәселелер бойынша өзара әрекеттесу мүмкіндігі берілді. AFSA реттеушімен және жалпы қаржылық қоғамдастықпен өзара әрекеттесуді ынталандыру және қолдау мақсатында АХҚО қатысушыларымен осы практиканы жалғастыруға ниетті».

AIFC AI assistant