АХҚО Биржасының сауда-саттық қызметіне шолу

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (AIX) 2018 жылдың 14 қарашасынан 7 желтоқсанға дейінгі сауда-саттық қызметіне шолуды ұсынады. Аталған уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қарапайым акцияларымен жалпы көлемі 522,097 акцияны құрайтын жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге 1 648 мәміле жасалды. Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен жалпы саны 40 492 акцияны құрайтын 500 мың АҚШ доллары сомасына 65 мәміле жасалды.

Бір аптадағы сауда-саттыққа шолу

Бағалы қағаз

3-7 желтоқсан аралығындағы аптаның қорытындысы бойынша  мәмілелер саны

Өткен аптамен салыстырғандағы   өзгерістер % 

           

3-7 желтоқсан аралығындағы аптаның қорытындысы бойынша  мәмілелер көлемі

Өткен аптамен салыстырғандағы   өзгерістер % 

           

Бүгінгі күнгі мәмілелердің жалпы саны

Бүгінгі күнгі мәмілелердің жалпы көлемі

KAP

159

-32.6%

KZT 495,475,655

-14.9%

1648

KZT 2,421,765,090

KAP.Y

21

+75%

US$ 198,594.33

+294%

65

US$ 499,429.07

 

Тим Беннетт, AIX Басқармасының төрағасы:

«Өтімділікті және қазақстандық капитал нарықтарына қызығушылықты қалпына келтіру тұрғысынан АІХ істі жақсы бастады. Листингтен кейін КАР жай акциялар бойынша айналым 10,1%-ды құрап, 9,45% болған LSE-дегі ЖДҚ бойынша ұқсас көрсеткіштерден асып түсті. «Қазатомөнеркәсіп» акциялары мен ЖДҚ бағаларының арасындағы айырмашылықты акциялардың жылдам өсіп жатқан және құбылмалы бағасы (КАР 11% дерлікке өсті және өткен аптада 5% ауқымында саудаланды), ЖДҚ мен шетелдік валюта конвертациясына жұмсалатын уақыт пен оның бағасы, сондай-ақ ЖДҚ-ның кейбір ұстаушылары үшін түрлі салықтық позициялар аясында қарастыру керек. Осы айырмашылықты азайту және АІХ пен LSE арасындағы бағалы қағаздардың қиындық тудырмай конвертациялануын қамтамасыз ету үшін АІХ Citibank депозитарлық банкімен, оның банктік серіктестерімен және маркет-трейдерлерімен жұмыс істейді».

Ескертпе:

  1. «Қазатомөнеркәсіптің» AIX-тағы бағасы белгіленген акциялармен және Лондон қор биржасындағы айналыстағы ЖДҚ арасындағы баға айырмашылығы 7 желтоқсандағы сауда-саттық қорытындысы  бойынша 3,9% құрады. LSE мен KASE-де сатылатын басқа бағалы қағаздардың айырмашылықтары анағұрлым жоғары, ал жаһандық ауқымда базалық бағалы    қағаз бен ДЖҚ арасындағы айырмашылық 2-ден 13%-ды құрайды. 
  2. AIX тізіміне қосылған ЖДҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» акциялары өзара конвертацияланады. Бұл Қазатопөнеркәсіптің проспектісінде көрсетілгендей  LSE-де листингтелген ЖДҚ-ға да қатысты. Рәсімдерге сәйкес AIX сұратуды алғаннан кейін Citibank банк-депозитаримен бірлесіп конвертациялауды жүзеге асырады. Бүгінгі күні AIX бір де бір ЖДҚ немесе акция ұстаушысынан айырбастауға ресми сұрау алған жоқ.
AIFC AI assistant