АХҚО-да нотариаттық қызметтерді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті
Бүгін Республикалық нотариаттық палатаның, АХҚО әкімшілігінің, Экспат Орталықтың және АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетің өкілдерінің қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) нотариаттық қызметтерді дамыту жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.
АХҚО-да нотариаттық қызметтерді дамыту жөніндегі жұмыс тобы АХҚО қатысушылары мен АХҚО юрисдикциясындағы басқа өтініш берушілерге қызмет көрсету үшін АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасын білетін ағылшынтілді нотариустар пулын даярлау үшін құрылды.
Кездесу аясында жұмыс тобының құрамы бекітілді, оның төрағасы болып Басқарушы директор – АХҚО Әкімшілігі Құқықтық сүйемелдеу департаментінің директоры Нұржан Қосбаев бекітілді. Нотариаттық палата тарапынан жұмыс тобының құрамына Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы – Әсел Жанәбілова кірді.
Отырыс барысында АХҚО-дағы нотариаттық іс-әрекеттің практикалық аспектілері мәселелері, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді реттеу бойынша халықаралық тәжірибенің салыстырмалы талдауы талқыланды.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. «АХҚО туралы» Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.