АХҚО Соты мен ХТО сот отырыстарының 2021 жылғы 4-ші жыл сайынғы байқауы онлайн өтті
Қазақстан, Ресей және алғаш рет Қырғызстанның жетекші он университетінен келген заңгер студенттер командалары АХҚО Соты мен ХТО сот отырыстарының 2021 жылғы 4-ші жыл сайынғы байқауына қатысты. Финалда М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті (Қазақстан) Орал мемлекеттік заң университетінің командасымен (Ресей) беттесіп, жеңіске жетті.
Финалға шығу үшін екі команда да жарыстың алдын ала раундтарында көрсеткен нәтижелерінің негізінде іріктеліп алынды. Алдын ала раундтардың судьялары заңгерлер және АХҚО Соты мен ХТО Пайдаланушылар комитетінің мүшелері болды.
Жеңімпаздар кубогы М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне (Қазақстан) табысталды, сонымен қатар финалдық раундтан өткен студенттердің барлығы АХҚО Соты мен ХТО-да тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
АХҚО Соты мен ХТО сот отырыстарының байқауы бүкіл еуразиялық өңірдің заңгер студенттеріне коммерциялық жалпы құқық мәселелері бойынша ағылшын тілінде ауызша аргументтерді зерделеп, АХҚО Сотының судьяларына ұсыну бірегей мүмкіндігін береді. Биыл құқықтық проблемаға COVID-19 кезінде кофе бизнесін сатып алу туралы дау кірді. Судьялар ретінде АХҚО Сотының судьялары сэр Стивен Ричардс, сэр Джек Битсон, сэр Робин Джейкоб болды.
АХҚО Соты мен ХТО оқу байқауы алғаш рет 2018 жылы өткізілген болатын. 2019 жылы екінші жыл сайынғы оқу жарысы алғаш рет АХҚО Сотының тыңдау залында өткізілді. 2020 жылы дүниежізілік COVID-19 пандемиясын ескерумен байқау бірінші рет онлайн өтті. 2021 жылғы байқауда да АХҚО Соты мен ХТО-да іс жүзіндегі тыңдаулар өткізу үшін қолданылатын бейнетехнологиялар пайдаланылды.
КАЗГЮУ Университеті командасының мүшесі Айдана Құдабаева былай деп атап өтті:
«АХҚО Соты мен ХТО сот отырыстарының байқауына қатысудың болашақ заңгерлер үшін пайдасы зор, өйткені ауызша адвокатура машықтарын іс жүзінде қолданып көру мүмкіндігін ұсынады. АХҚО судьялары көп сұрақтар қойды және егжей-тегжейлі пікірлер білдірді, бұл біздердің кәсіби машықтарымызды жақсартуға мүмкіндік берді. Мен АХҚО Соты мен ХТО-ға одан әрі табысқа жетуді тілеймін және барлық заңгер студенттерге осы бірегей байқауға қатысуға кеңес беремін».
АХҚО Соты мен ХТО аппаратының тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт былай деп түсініктеме берді:
«Біз АХҚО Соты мен ХТО жарыстары төртінші рет өткізіліп отырғанын және жарыстар қатысушы университеттердің оқу бағдарламаларының ажырамас бөлігіне айналғанын мақтан тұтамыз. Біз жарыстарды жалпы құқық соты тыңдауларының іс жүзіндегі сот істерінде клиенттердің мүдделерін білдіретін заңгерлерден талап етілетін жағдайындағы ауызша адвокатура машықтарын зерделеу және оларды тәжірибеде қолдану бірегей мүмкіндігін заңгер студенттерге беру үшін өткіземіз. Студенттердің деңгейі жыл сайын артып келеді. Биыл біз жарыстарды он командаға дейін көбейттік, олар Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келді. Бұл студенттер үшін де, сол сияқты біздің Сот пен төрелік орталық үшін де маңызды жарыс, өйткені біз өзіміздің негізгі серіктестерімізбен және жалпы заңгерлер қоғамдастығымен тығыз қарым-қатынасты жалғастырудамыз».
Анықтама үшін:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО-ның пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуында болып отыр.
АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». https://aifc.kz/
АХҚО Соты тәуелсіз орган болып табылады және Англия мен Уэльстің жалпы құқық қағидаттарына және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген.
АХҚО соты бірінші сатыдағы соттан және апелляциялық соттан тұрады. Күрделілігі мен сомасы бойынша болмашы дауларды жедел шешуді қамтамасыз ету үшін бірінші сатыдағы сотқа ұсақ дау-дамайлар соты кіреді.
АХҚО соты әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырмайды және қатысушылар, АХҚО органдары арасындағы дауларды және АХҚО құқығына сәйкес АХҚО-да жүзеге асырылған операциялар бойынша дауларды шешуді қамтамасыз ету үшін айрықша юрисдикциясына ие. Сонымен қатар, АХҚО соты тараптардың келісімі бойынша АХҚО сотына берілген дауларды қарай алады. https://court.aifc.kz/
АХҚО халықаралық төрелік орталығы (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз орган болып табылады және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына сәйкес құрылған.
ХТО төрешілерінің құрамына жер қойнауын пайдалану, сауда, мұнай-газ секторы, құрылыс, энергетика, ислам қаржысы, банкинг, зияткерлік құқық салаларында және коммерциялық және азаматтық құқықтың басқа да салаларында төрелік бойынша көп жылдық тәжірибесі бар жетекші халықаралық төрешілер кіреді. https://iac.aifc.kz/