АХҚО Әзірбайжан ADA университетінің Даму және дипломатия институтымен өзара түсіністік туралы келісім жасасты
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және ADA университетінің Даму және дипломатия институты (IDD) өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды, құжат қос тарап арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық үшін жағдай жасауға бағытталған. Келісімге АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров пен ADA университетінің проректоры Фариз Исмаилзаде қол қойды.
Бірлескен күш-жігер өңірдегі зерттеулер, аналитика және жасыл қаржыландыру саласындағы жаңа тәсілдерді дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, тараптар аталған салаларға қатысты ақпаратпен және сарапшылық біліммен алмасып отыру туралы уағдаласты.
Екіжақты жұмыс бірлескен зерттеулер жүргізуді және өзара қызығушылық тудырған салалардағы жобаларды іске асыруды, сондай-ақ жарияланымдармен және материалдармен алмасуды қамтитын болады. Тараптар оқу орындарында білім беру процесін ұйымдастыру саласындағы білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісуге, сондай-ақ конференцияларға, панельдік дискуссияларға және басқа да бейіндік іс-шараларға белсенді қатысуға ниетті. Ынтымақтастықтың маңызды элементі – жасыл қаржыландыру мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасау.
АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров: «Бұл келісім ұйымдарымыз арасында тәжірибе алмасу үшін жаңа перспективалар ашады және жасыл қаржыландыру саласындағы зерттеу мүмкіндіктері мен ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді, бұл Қазақстанда және одан тыс жерлерде орнықты экономикалық өсу үшін зор мәнге ие», – деп атап өтті.
Фариз Исмаилзаде, ADA университетінің проректоры: «Қос тарап арасындағы өзара түсіністік туралы келісім өзара байланысты әлемімізде дипломатия мен қаржыны біріктіру жолындағы маңызды қадамды білдіреді. Бұл құжат ынтымақтастық, негізгі секторлар арасында білім алмасу және стратегиялық диалог үшін жаңа көкжиектер ашады».
Орталық Азиядағы жетекші қаржы хабы ретінде АХҚО үшін осы келісімге қол қою қаржы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды және жаһандық сын-қатерлерді шешудегі өңіраралық әріптестіктің рөлін атап көрсетеді.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
АХҚО баспасөз қызметі
Айнұр Исабаева
Баспасөз хатшысы
Тел: +7 701 777 6558
E-mail: [email protected]