АХҚО исламдық қаржыландыру жөніндегі есепті таныстырды
Astana Finance Days 2024 конференциясы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Ислам даму банкінің қолдауымен CSQ Law компаниясы дайындаған исламдық қаржыландыру жөніндегі елдік есепті таныстырды. Бұл есеп Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың дамуы туралы соңғы мәліметтер мен жаңартуларды ашып көрсетеді.
Есепте елдегі исламдық қаржылық қызметтер индустриясының ландшафтына, проблемаларына, мүмкіндіктеріне және болашақ перспективаларына егжей-тегжейлі талдау жасалған.
Есепте алғаш рет шамамен 13 000 респонденттің арасында исламдық қаржы өнімдеріне әлеуетті нарықтық сұранысты бағалайтын нарыққа жасалған кең ауқымды зерттеулер нәтижесінде әзірленген деректер қамтылды.
АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров: «Бұл есеп – исламдық қаржыландыру индустриясының кешенді сипаттамасы ғана емес, сонымен бірге біздің болашаққа деген ортақ пайымымыздың айғағы. АХҚО исламдық қаржыландыруды ілгерілетуге ұмтылады, бұған оның исламдық қаржылық компанияларға бөлшек те, корпоративтік секторда да жұмыс істеуге ұсынатын қолайлы шарттары дәлел. Есеп – инвесторлар, саясаткерлер мен мүдделі тараптар үшін баға жетпес нұсқаулық», – деп атап өтті.
Ислам даму банкі институты бас директорының міндетін атқарушы Доктор Сами Әл-Сувайлем: «Біз осы маңызды бастама бойынша АХҚО-мен ынтымақтасқанымызға қуаныштымыз. Қазақстандағы исламдық қаржыландыру жөніндегі елдік есеп сектордың ағымдағы жағдайы мен болашақ перспективаларына құнды талдауды ұсынады. Есеп АХҚО-да ұсынылған ислам қаржысын дамытудың стратегиялық жоспарының саясаты бойынша ұсынымдарымен бірге саясаткерлер, инвесторлар және қаржы мекемелері үшін олардың Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың әлеуетін толық пайдалану жұмысында басшылыққа алуда маңызды рөл атқарады деп санаймыз», – деп мәлімдеді.
Баяндаманың негізгі тұжырымдары:
• Қазақстанның күшті жақтарына АХҚО бастамаларымен қолдау көрсетілетін қолайлы құқықтық орта, өсіп келе жатқан экономика, инфрақұрылымды дамыту жоспарлары және мұсылмандар саны елеулі халқы жатады.
• Ислам қаржысы туралы хабардарлықты арттыру және салық рәсімдері мен дауларды шешу сияқты исламдық қаржылық практикалардың кейбір аспектілерін шешу бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
• Нарық мүмкіндігі орасан зор, бұл ретте бөлшек және корпоративтік секторлар арасында айтарлықтай қанағаттандырылмаған сұраныстың бар екені айқын, бұл Қазақстандағы исламдық қаржылық қызметтер үшін пайдаланылмаған елеулі әлеуетті көрсетеді.
Есеппен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Анықтамалық ақпарат
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
АХҚО баспасөз қызметі
Айнұр Исабаева
Баспасөз хатшысы
Тел: +7 701 777 65 58
E-mail: [email protected]