Айдар Қазыбаев ұлттық ESG клубының төрағасы болып тағайындалды
Astana Finance Days 2022 форумының маңызды оқиғаларының бірі ұлттық ESG клубын (бұдан әрі – Клуб) құру болды. Клубтың негізін қалаушылар арасында Қазақстан қаржы нарығының көшбасшылары – Отбасы банк, Халық Банк, Қазақстанның Даму Банкі және ЦентрКредит банкі, ірі өнеркәсіптік компаниялар – ERG, «Қазмұнайгаз», «Polymetal», «Алтыналмас», сондай-ақ белгілі консалтингтік компаниялар – «Эрнст энд Янг – кеңес беру қызметтері» ЖШС, АХҚО Жасыл қаржы орталығы, GPI-Lab ЖШС және т.б.
Клубты таныстырған АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев басты мақсат бизнесті жаһандық ESG күн тәртібіне айналдыру және төмен көміртекті технологиялар арқылы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру екенін атап өтті. Бұл ретте клубтың әрбір қатысушысы ESG практикасы бойынша жобалау топтарын құра және қатыса алады.
Осы жылдың 14 шілдесінде Клубтың бірінші отырысы өтті, онда клубтың барлық құрылтайшылары бірауыздан Айдар Қазыбаев Ұлттық ESG клубының төрағасы болып бір жыл мерзімге сайланды.
Сонымен қатар, Клуб мүшелері олардың бастамашылары басқаратын алғашқы 6 сарапшылық топ құру туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, сарапшылық топтар: ESG тәжірибесін ілгерілету; көміртектерді басқару жүйесін дамыту; ESG бағалауды жүзеге асыру, ESG саласында білім беру; урбанизм, жасыл стандарттарды дамыту. Еуразиялық даму банкі ESG саласындағы цифрлық жобалар, соның ішінде ESG Marketplace жобасы бойынша топ құруға бастамашы болды.
Сондай-ақ отырыс барысында Клубқа жаңа мүшелер – «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы, «Қазпошта» АҚ, «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығы, сондай-ақ «Kazakh Invest» АҚ қосылу туралы шешім қабылданды.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.
www.gfc.aifc.kz