АХҚО Ұлыбританияның Әділет министрлігімен және Барристерлер кеңесімен құқықтық бастамалар бойынша ынтымақтастық туралы келісті

Ағымдағы жылдың 21 қазанында АХҚО Әкімшілігінің өкілдері АХҚО Әкімшілігі Басқарма төрағасының орынбасары Н. Қосбаевтың басшылығымен Ұлыбритания Әділет министрлігінің және Ұлыбритания Барристерлер кеңесінің өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

 

Ұлыбританияның Әділет министрлігі АХҚО заң қызметтерін, білім беру бағдарламаларын дамыту және оларды АХҚО құқық Академиясының алаңында ілгерілету жөніндегі бастамаларын қолдауға дайын екендігін білдірді.

 

Өз кезегінде, Барристерлер кеңесі АХҚО алаңында дауларды шешу тәжірибесіне және АХҚО-да заң мамандығын реттеудің жаңа режимі аясында заңгерлер үшін мүмкіндіктерге қызығушылық білдірді.

 

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

 

AIFC AI assistant