АХҚО мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзара түсіністік туралы Келісімге және өзара іс-қимылдың Жол картасына қол қойды

Ағымдағы жылдың 28 маусымында Astana Finance Days шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы («Атамекен» ҰКП) арасында өзара түсіністік туралы Келісімге және өзара іс-қимылдың Жол картасына қол қою рәсімі өтті.

Құжаттың негізгі мақсаты АХҚО мен «Атамекен» ҰКП арасындағы өзара іс-қимылдың берік негізін белгілеу, сондай-ақ барынша өзекті мәселелер бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу болып табылады.

Жол картасы одан әрі өзара ынтымақтастық бойынша нақты қадамдарды айқындайды және инвестициялық тартымдылықты жақсартуға, бизнеске жәрдемдесу мәселелеріндегі өзара іс-қимылға, баламалы қаржыландыруды дамытуға және басқа да сұрақтарға бағытталған іс-шараларды қамтиды.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы («Атамекен» ҰКП) — кәсіпкерлік субъектілерінің одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым, оның басты міндеті бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлердің кеңінен қамтылуын және тартылуын қамтамасыз ету болып табылады.www.atameken.kz

AIFC AI assistant