АХҚО «Заң қызметтері туралы» актінің қабылданғаны және Заң қызметтерін реттеу кеңесінің құрылғаны туралы хабарлайды

«Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) «Заң қызметтері туралы» АХҚО Актісі қабылданды және АХҚО-ның Заң қызметтерін реттеу кеңесі (Кеңес) құрылды.

АХҚО-ның бұл Актісі АХҚО-да заң қызметтерін көрсету кезінде құзыреттіліктің, әдептің және адалдықтың жоғары кәсіби стандарттарын қамтамасыз ету үшін заң мамандығын реттеу режімін енгізу мақсатында қабылданды. Акт келесі сілтеме бойынша қол жетімді: https://aifc.kz/legal-framework/legal-services-regulations/

Кеңесті 2017 жылдан бастап АХҚО Құқықтық консультативтік кеңесінің мүшесі болып келе жатқан Саймон Кокс басқарды. Ол сондай-ақ жетекші халықаралық заң фирмаларының бірі Norton Rose Fulbright-тың аға консультанты әрі британдық және халықаралық бағалы қағаздармен (IPO және акциялар мен борыштық бағалы қағаздар нарығы бойынша басқа да мәселелерді қоса алғанда), бірігу және қосып алу, сондай-ақ инвестициялық қорлардың жобаларымен жұмыс істеуде мол тәжірибеге ие. Саймон Кокстың қазақстандық жобаларда да тәжірибесі бар.

Кеңес құрамына сондай-ақ АХҚО органдары мен АХҚО Құқық академиясының өкілдері, Seven Pillars Law, Kinstellar, Grata International, AGZ ZanHub, Aequitas және Berg & Moll заң фирмаларының серіктестері кірді.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant