АХҚО Соты мен ХТО 2021 жылғы жұмыс нәтижелерін және алдағы жоспарларын таныстырды

2018 жылғы 1 қаңтарда өз қызметін бастағаннан бері АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) сот шешімдерінен, төрелік шешімдер мен медиация туралы келісімдерден тұратын 900-дан аса іс қарады. Бұл халықаралық қаржылық орталықтағы дауларды шешу жөніндегі, небәрі төрт жыл жұмыс атқарып отырған мекеме үшін теңдессіз нәтиже болып табалады.

Қаралған даулар қаржы, құрылыс, сату және көрсетілетін қызметтерге арналған келісімшарттар, сонымен қатар жұмыспен қамту кіретін коммерциялық және инвестициялық мәселелердің кең аясына қатысты болды. Дауларға қолданылатын заңнамаға АХҚО заңы мен Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамасы жатады. Сот шешімдері мен төрелік шешімдердің барлығы Қазақстан Республикасының аумағында, ұлттық соттардың қатысуынсыз тікелей АХҚО Соты мен атқарушы органдардың арасында жұмыс істейтін құқық қорғау бойынша АХҚО Сотының арнайы қадамдық процедурасы пайдаланылып, тараптарды 100% қанағаттандырумен орындалды.

АХҚО Соты мен ХТО 2021 жылы елеулі түрде халықаралық мойындалды. Істердің тараптары 19 елден, соның ішінде көбі ТМД елдерінен, сонымен қатар Қытай мен Үндістанды қоса, Қазақстан Республикасының сауда бойынша негізгі серіктестері және АХҚО Соты мен ХТО «Белдеу мен жол» бастамасының шеңберінде «Бір белдеу және бір жол» Бастамасының 15 елі болды. АХҚО Соты мен ХТО-ның Дауларды типтік шешу туралы ережелері «Шеврон Тенгизшевройл» мен «Норт Каспиан Оперейтинг Компани НВ» (НКОК) компаниясын қоса, сала көшбасшылары жасасқан жалпы сомасы 2 миллиард АҚШ долларынан асатын 5700-ден аса сауда мәмілелеріне енгізілді. 29 юрисдикцияның (27 ел) 326 заңгері АХҚО Сотындағы істерде клиенттерінің мүдделерін білдіру мүмкіндігіне ие болуы үшін сотта сөз сөйлеу құқықтары бойынша АХҚО Сотына қосылды.

АХҚО Соты құрамына 40-тан аса юрисдикцияның сот төрағалары мен жоғары соттар тіркеушілері кіретін жыл сайынғы Коммерциялық соттардың тұрақты халықаралық форумына қатысты.

АХҚО Соты мен ХТО өздерінің кеңейтілген жарнамалық науқаны шеңберінде жергілікті, өңірлік және жаһандық, соның ішінде АХҚО мен ХТО-ның Азия мен Еуропадағы өзара түсіністік туралы меморандум бойынша негізгі серіктестері қатысқан конференцияларда 60-тан аса жетекші баяндама жасады. Сол сияқты 17 елден 22 команда қатысқан бірінші жыл сайынғы студенттік IAC-Vis Central Asia Pre-Moot жарыстары мен ХТО төрағасы, Барбара Доманның QC төрағалық етуімен финалы өткізілді. Бұдан басқа, АХҚО Соты мен ХТО-ның төртінші жыл сайынғы студенттік жарысы мен оның финалы өтті, онда АХҚО Сотының үш аға судьясы төрағалық етті, ал АХҚО Сотының төрағасы Лорд Манс кіріспе сөз сөйледі.

АХҚО Соты мен ХТО Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен Қазақстан Республикасында бірде-бір сот жоя алмайтын түпкілікті шешімдер қабылдайтын тәуелсіз өзін-өзі басқаратын мекемелер ретінде өздерінің тығыз ынтымақтастығын жалғастырды. Ынтымақтастыққа тұрақты кездесулер, дәрістер мен оқыту вебинарлары кірді. Коммерциялық даулардың Қазақстан Республикасының ұлттық соттарынан АХҚО Соты мен ХТО-ға дау тараптарының жазбаша келісімімен тез және экономикалық тиімді берілуін қамтамасыз ету үшін Жоғарғы Сот және АХҚО Соты мен ХТО арасында келісілген Істерді беру схемасын ерекше атап өткен жөн. Бір істі АХҚО Сотының төрағасы Лорд Манс қабылдап, бұл іс қазіргі уақытта АХҚО Сотының судьясының қаралуында.

АХҚО Сотымен және ХТО пайдаланушыларының қоғамдастығымен өзара ықпалдасу Пайдаланушылар комитетінің 15-тен аса заңгерлік фирма мен басқа да ұйымдардың аға серіктестерінің өкілдері қатысқан үш отырысымен, дауларды шешу бойынша кеңейтілген вебинарлармен және 1000-нан аса адам қатысқан оқу бағдарламаларымен, сол сияқты 20 заңгер студент үшін құрылымдалған тағылымдамамен жалғасты.

АХҚО Соты мен ХТО өздерінің 2025 жылға арналған стратегиясын, сонымен қатар АХҚО Соты мен ХТК-ның одан әрі даму, жаһандық элиталық мәртебеге қол жеткізу жоспарларын әзірледі. Жоспарларда тұрақтылық, өсу және танылу сияқты аспектілерге баса назар шоғырландырылған. Ұзақмерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу жоспарларының шеңберінде АХҚО Сотының барлық судьялары, сонымен қатар АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза АХҚО Сотының әлемдік сыныптағы тәуелсіз және әділ коммерциялық сот ретінде ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ете отырып, АХҚО Сотындағы өз функцияларын атқаруды тағы бес жыл жалғастыруға міндеттенді.

ХТО-ның ұзақмерзімді келешегін қамтамасыз ету үшін, Кристофер Кэмпбелл-Холт мырзаның АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат жетекшісі ретінде жұмыс атқаруымен қатар, Томас Крюммель мырза 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ХТО аппаратының жаңа Төрағасы ретінде тағайындалды. Крюммель мырза ХТО Төрешілер алқасының мүшесі болып табылады және оның Еуропада, әсіресе өзі Берлиндегі «Meyer-Koering» заңгерлік фирмасының серіктесі болып табылатын Германияда коммерциялық дауларды шешу бойынша нақты тәжірибесі және құқық саласындағы әлемдік көшбасшы ретінде халықаралық төрелік пен медиация бойынша көпжылдық тәжірибесі бар. Ол көптеген заңгерлік комитеттердің мүшесі және Германиядағы Бонн және Уэльстегі Гламорган Университетінің заңгерлік дәрежелеріне ие. Ол француз ұлттық «Chevalier dans l’ordre national du mérite» сыйлығының иегері. Оның 2023 жылдан бастап ХТО төрағасы лауазымына тағайындалуы ХТО-ның әлемдік деңгейдегі халықаралық төрелік орталық ретінде беделін арттыруға мүмкіндік береді. ХТО-ны құруда және оның Еуразияда төрелік және делдалдық даулар үшін бірінші нөмірлі таңдау ретінде дамуында маңызды рөл атқарған ХТО-ның алғашқы төрағасы Барбара Доманн QC өзінің төрағалық лауазымынан 2022 жылғы 31 желтоқсанда кететін болады.

Лорд Манс, АХҚО Сотының төрағасы, былай деп түсіндірді:

«АХҚО Соты жұмысының төртінші жылы аяқталғалы отырғандықтан, оның қолданыстағы коммерциялық сотқа айналғанына мен қуаныштымын. АХҚО Соты 21 шешім шығарды және коммерциялық саладағы бірқатар шарттық дауларды қоса, тұрақты сот жұмысын жүргізуде. Пандемияға қарамастан, АХҚО Соты қашықтан өткізілген тыңдаулармен шектелмегеніне мен әсіресе қуанамын, жуырда Қазақстан Республикасында, Нұр-Сұлтан қаласында өзінің әлемдік сыныпқа жататын залында бірінші ісін қарады. Бірінші іс тараптардың келісімімен жергілікті соттан АХҚО сотына жіберілген және соңғысы қараған жолдау рәсімін құптаймын. Мен сонымен қатар Соттың барлық басқа Судьяларына, сол сияқты Соттың тіркеушісі және аппарат басшысына АХҚО Сотында өз функцияларын тағы бес жыл атқару бейілдері үшін алғысымды білдіремін. Халықаралық инвесторлар АХҚО Соты орнатқан әлемдік деңгейдегі әділ сот стандарттары келешекте кепілдендірілгеніне сенімді бола алады».

 

Барбара Доманн QC, ХТО төрағасы, былай деп мәлімдеді:

«2021 жыл ХТО үшін тағы бір айтарлықтай сәтті жыл болды. Жаңа орталық бойынша оның жұмысының қазіргі кезеңінде қабылданған төрелік шешімдер мен медиация туралы келісімдер саны бізде бұрын-соңды мұнша болмаған. Біз бүкіл әлемнің төрешілерімен, медиаторларымен және ADR серіктес мекемелерімен табысты ынтымақтастып жұмыс істедік. ХТО төрелік пен медиацияның ағымдағы мәселелері бойынша көптеген вебинар мен оқу бағдарламаларын өткізді және жалпы алғанда Еуразияда төрелік пен медиацияның дамуына ықпал етті. ХТО-ның әлемдік деңгейдегі тәуелсіз төрелік және делдал мекеме ретіндегі ұзақмерзімді келешегіне инвесторлар сенімді бола алады. ХТО Төрешілер алқасының мүшесі және Германия, Берлиндегі «Meyer-Koering» заңгерлік фирмасының серіктесі Томас Крюммель мырзаның тағайындалуымен сабақтастық қамтамасыз етіліп отыр. Ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап менің орныма келетінін хабарлауға қуаныштымын».

 

АХҚО Басқарушысы д-р Қайрат Келімбетов былай деп түсіндірді:

«АХҚО Соты мен ХТО АХҚО-ны аймақтағы коммерциялық дауларды шешу орталығы ретінде тануда және инвесторлардың АХҚО-ға да, Қазақстанға да сенімін арттыруда маңызды рөл атқарды. Осыған байланысты АХҚО Сотының барлық судьяларына, АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі мен аппаратының басшысына жобаға адалдық танытқаны үшін алғыс айтқым келеді. Мен сондай-ақ Томас Крюммельді 2023 жылдан бастап ХТО төрағасы ретінде қарсы алғаныма қуаныштымын. АХҚО Соты мен ХТО қызметінің ұзақ мерзімді перспективаларына қатысты айқындығы АХҚО мен оның инвестициялық ахуалына оң әсер ететініне сенімдімін».

 

 

Анықтамалық ақпарат:

“Астана” халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде бекітілді. Стратегияға сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/

АХҚО Соты тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Ағылшын жалпы құқығы мен халықаралық озық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін атқаруда тәуелсіз болып табылады және Қазақстан Республикасы сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанция соты, оған ұсақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше кіреді, және Апелляциялық сот. АХҚО қызметі мен операцияларына байланысты туындайтын дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие және АХҚО Сотының юрисдикциясын беруге жазбаша түрде тараптардың барлығы келісетін басқа даулар жағдайларындағы юрисдикцияға ие. Ол қандай да бір қылмыстық немесе әкімшілік дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Іс жүргізудің ең заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Халықаралық үздік іс-тәжірибе үлгісі бойыша әзірленген өз процессуалдық нормалары бар. Оның мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер көрсету, банк ісі, ислам қаржысы, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларын қоса, коммерциялық құқықта төрелік ету мен медиация бойынша жетекші халықаралық төрешілері бар. https://iac.aifc.kz/

AIFC AI assistant