АХҚО шарттық қатынастарды реттейтін Актілерді жетілдірді
АХҚО-да тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған АХҚО-ның 2017 жылғы «Келісімшарттар туралы» және «Шарттардағы болжамды талаптар және жосықсыз шарттар туралы» Актілеріне түзетулер қабылданды.
Түзетулер әлемдік қаржы орталықтарының үздік тәжірибесіне және Англия мен Уэльстің заңнамасына сәйкес электрондық шарттарды тану туралы және тұтынушылық шарттардағы әділетсіз шарттар туралы жаңа ережелерді енгізеді.
Түзетулер 2022 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемелерге өтіңіз: https://aifc.kz/legal-framework/contracts/ және https://aifc.kz/legal-framework/implied-terms-in-contracts-and-unfair-terms/.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.